Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    11 сынып ұлдарымен Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция лейтенанты Қ.Мынжасаров «Жасөспірім және заң» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    03.09.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып ұлдарымен Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция лейтенанты Қ.Мынжасаров «Жасөспірім және заң» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Мақсаты:оқушылардың әкімшілік құқық бұзушылық кодекс баптары туралы білімдерін дамыту, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау бойынша нұсқаулық беру , құқық бұзушылықтың алдын алу,болдырмау жолдарын қарастыру
    Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға мектепішілік тәртіп ережесін сақтау қажеттілігі,жасөспірімдер арасындағы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, бопсалау, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, жеке мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы ақпарат берілді.
    Жастарды әлеуметтік желілердегі қылмысқа итермелейтін түрлі сайттардан, топтардан мейлінше аулақ болуды, өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, ата-атаналарының сенімін ақтауға, жақсы оқып, білім алуға талпыну керектігі туралы айрықша айтылды.
    @подписчики
    @актуальное
    QR Oqu-ağartu ministrlıgı/
    Meruert Medetbekova
    ФОТО

    Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы,мобильді топ мүшелерінің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

    16.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасында Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы,мобильді топ мүшелерінің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
    Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға заң талаптарын түсіндіру. Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру, ой-өрісін дамыту, бала құқығы туралы конвенция шарттарын меңгерту;
    Түсіндірме жұмысы барысында Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу қажеттілгі,сондай-ақ заңымыздың адамға бірнеше міндеттер жүктейтіндігін, әркімнің басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керектігі жайлы айтты.
    Сонымен қатар кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз(Заңды өкілінсіз) жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы ,мопед,скутер көлік құралдарын қолданбауға байланысты,олапдың өмірге қауіптілігі бойынша ескерту айтылды.
    Егер де денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, тонау, қарақшылық, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды пайдалану, жеке мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы айтылып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдалунадың зиянды жақтары мен зорлық-зомбылық пен бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Түсіндірме жұмысы барысында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында сауалнама алынды.фото

    Мобильді топ мүшелері" Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық акциясына қатысты.

    17.05.2024
    "ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" АКЦИЯСЫ
    🔰 Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің мобильді топ мүшелері" Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық акциясына қатысып, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.
    Аталған рейдтік жұмыстары барысында ауылдың орталық саябағы,компьютер клубтарының иелері жасөспірімдердің түнгі мезгілде жүруге болмайтындығы туралый ескертілді.Алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Құрметті ата-аналар балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырамыз!фото

    ІІМ ТҮЛЕКТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ҮНДЕУІ!!

    20.05.2024
    ІІМ ТҮЛЕКТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ҮНДЕУІ!!
    Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.видео

    "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік негіздері" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

    22.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты Қуаныш Мынжасаров, Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Кишкентаев Мадияр Мұхтарұлы,Шу АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Сүйерқұл Серік Мұратұлы "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік негіздері" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Мақсаты: Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық зомбылыққа жол бермеу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту,
    бала құқығын қорғау, бопсалау,зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу, бөгде адамдар тарапынан туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді болдырмау,
    оқушылардың көшеде жүру және оның қауіпсіздігі жайлы білімдерін толықтырып,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
    Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға құқықбұзушылық жағдайлары (дөрекілік, зорлық-зомбылық, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы мен т.б.) зорлық-зомбылықтың дамуына алып келетін іс-әрекеттер мен қылмысты тудыратын құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды. Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға 22-00 ден кейін баруына тыйым салынатындығын ескертеліп,сонымен бірге оқушылардың өзен жағасына үлкендерсіз баруына тыйым салынатындығы және ондай іс-әрекеттің өмірге қауіптілігі жайлы ескертілді.
    Әрбір бала психологиялық-құқықтық көмекті қажет етсе, Республикалық тәулік бойы жұмыс істейтін "111"шұғыл телефонына немесе мектебіміздің 8(72638)31334 сенім телефонына хабарласуына болады. Осы сенім телефондарына ұялы және қала телефондарынан хабарласу арқылы кез келген уақытта көмек алуға мүмкіндіктері бар.Фото

    полиция аға лейтенанты Кишкентаев Мадияр Мұхтарұлы 9-11 сынып оқушыларымен "Құқықтық жауапкершілік" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты Қуаныш Мынжасаров,Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Кишкентаев Мадияр Мұхтарұлы 9-11 сынып оқушыларымен "Құқықтық жауапкершілік" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту,бопсалау,зорлық-зомбылықтың алдын алу,кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың көшеде жүру тәртібі және оның қауіпсіздігі жайлы білімдерін толықтыру.
    Түсіндірме жұмысы барысында мектеп бітірушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында құқықбұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу бойынша және «Соңғы қоңыраудан» кейін мектеп бітіруші түлектер қымбат көліктерді жалдап, ( лимузин, бір маркадағы көліктер т.б) көшеге шығып автокөлік
    шерулерін жасаудың, қоғамдық орындарда (кафе, мейрамхана т.б) ойын-сауық кештерін өткізуге тыйым салынатындығы туралы ескертілді. Оқушылардың, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға 22-00 ден кейін баруына тыйым салынатындығын ескертеліп,сонымен бірге оқушылардың өзен жағасына үлкендерсіз баруына тыйым салынатындығы және ондай іс-әрекеттің өмірге қауіптілігі жайлы ескертілді.Құқықтық жауапкершілік

    «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

    16.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасында Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы,мобильді топ мүшелерінің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
    Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға заң талаптарын түсіндіру. Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру, ой-өрісін дамыту, бала құқығы туралы конвенция шарттарын меңгерту;
    Түсіндірме жұмысы барысында Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу қажеттілгі,сондай-ақ заңымыздың адамға бірнеше міндеттер жүктейтіндігін, әркімнің басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керектігі жайлы айтты.
    Сонымен қатар кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз(Заңды өкілінсіз) жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы ,мопед,скутер көлік құралдарын қолданбауға байланысты,олапдың өмірге қауіптілігі бойынша ескерту айтылды.
    Егер де денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, тонау, қарақшылық, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды пайдалану, жеке мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы айтылып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдалунадың зиянды жақтары мен зорлық-зомбылық пен бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Түсіндірме жұмысы барысында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында сауалнама алынды.

    Рейдтік іс-шаралар жүргізді.

    16.05.2024
    "ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" АКЦИЯСЫ
    🔰 Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің мобильді топ мүшелері" Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық акциясына қатысып, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.
    Аталған рейдтік жұмыстары барысында ауылдың орталық саябағы,компьютер клубтарының иелері жасөспірімдердің түнгі мезгілде жүруге болмайтындығы туралый ескертілді.Алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Құрметті ата-аналар балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырамыз!

    Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты Қуаныш Мынжасаров пен полиция капитаны Азамат Тойбаев "Қылмыстық жауапкершілік" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

    02.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты Қуаныш Мынжасаров пен полиция капитаны Азамат Тойбаев "Қылмыстық жауапкершілік" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Мақсаты: Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық зомбылыққа жол бермеу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту,
    бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу, бөгде адамдар тарапынан туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді болдырмау,
    оқушылардың көшеде жүру және оның қауіпсіздігі жайлы білімдерін толықтырып,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
    Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға құқықбұзушылық жағдайлары (дөрекілік,әлімжеттік,бопсалау,есірткілік заттарды қолданбау, зорлық-зомбылық, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы мен т.б.) зорлық-зомбылықтың дамуына алып келетін іс-әрекеттер мен қылмысты тудыратын құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.
    Әрбір бала психологиялық-құқықтық көмекті қажет етсе, Республикалық тәулік бойы жұмыс істейтін "111"шұғыл телефонына немесе мектебіміздің 8(72638)31334 сенім телефонына хабарласуына болады. Осы сенім телефондарына ұялы және қала телефондарынан хабарласу арқылы кез келген уақытта көмек алуға мүмкіндіктері бар.18 адам, адамдар оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін7 адам, адамдар оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

    Шу аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Сайлау Ринат пен полиция аға лейтенанты Кишкентаев Мадияр«Интернеттегі алаяқтық» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    24.04.2024
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің қызметкерлері мен мұғалімдеріне, Шу аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Сайлау Ринат пен полиция аға лейтенанты Кишкентаев Мадияр«Интернеттегі алаяқтық» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Ғаламтордағы алаяқтық әлем бойынша желі пайда болғалы әрекет етеді. Жылдан жылға алаяқтар өздерінің ықтимал құрбандарын алдауға бағытталған жаңа амалдары мен техникалық тәсілдерін ойлап табуда
    Кейінгі уақытта жиі орын алып жатқан қылмыстың түрі интернет алаяқтық болып отыр. Осы интернет алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмау, яғни ақша аударымдарына, жалған ұтыс ойындары мен аз уақытта ақшаны бірнеше көлемде еселеп қайтару, банк қызметкерімін деп, туысыңызда келеңсіз жағдай орын алды деп хабарласуы мүмкін, банктік ақша аударымдары кезінде мұқият болып, оның шынайылығы мен дұрыстығана көз жеткізген соң барып әрекет ету қажет.
    Онлайн арқылы несие алу секілді тез және оңай орындалатын қызметтерге күмәнмен қараңыз. Әлеуметтік желілерде әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамалдарды қарағанда сақ болыңыз. Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болу керек. Алдын ала төлем жасамаңыз.
    Абонент нөміріңізге келіп түскен СМС кодты үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Әлеуметтік желілерде жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз. Басқа қаладан қосалқы бөлшектер мен тауарларды сатып алғанда достарыңызбен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алған өнімді тексеруді өтініңіз, әбден көз жеткізіңіз. Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз.
    Сонымен қатар, ең бастысы ешкімге банк шотыңызды толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз. Осы ескертуді жадыңызда сақтап, жақындарыңызбен де бөлісе жүріңіз. Егер де, жоғарыда аталған жәйттарға тап болсаңыз, бірден полицияның "102" нөміріне қоңырау шалуларыңызды сұранамыз.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст