Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    1 қыркүйек - Білім күніне орай 7 сынып оқушыларын «Менің Отаным-Қазақстан!» атты кітап көрмесі қойылды.

    02.09.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің кітапханасының ұйымдастырумен 1 қыркүйек - Білім күніне орай 7 сынып оқушыларын «Менің Отаным-Қазақстан!» атты кітап көрмесі қойылды.
    Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге баулу.
    Фото

    «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

    02.09.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
    Мақсаты:Жас ұрпақты Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
    Отанын, туған жерін қорғай білуге баулу, оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
    Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
    ФОТО

    1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    01.09.2024
    1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, жаңа 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
    Салтанатты шараға арнайы қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.
    Салтанатты жиынды мектеп директоры Татибеков Дархан Рахымбердіұлы ашып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан қонақтарымыз ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.
    Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндеріміз бен 11 сынып оқушыларына берілді.
    Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!

    1 қыркүйек-Білім күніне орай мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары " Ой,арман,мақсат ", "Мен үшін қымбат-мектебім!"тақырыбында бейнеролик ұсынды.

    01.09.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек-Білім күніне орай мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары " Ой,арман,мақсат ", "Мен үшін қымбат-мектебім!"тақырыбында бейнеролик ұсынды.
    Биылғы 2024-2025 жаңа оқу жылы құтты болсын дей келе, мектебіміз биіктен көріне берсін деп тілейміз!

    АТА ЗАҢЫМЫЗ - КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    30.08.2024
    АТА ЗАҢЫМЫЗ - КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
    Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
    Ата заңымыздың қабылдануы - мемлекет тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандығымызды сақтаудың сенімді кепілі, тәуелсіз Қазақстанның дамуының кепілі.
    Ата заңымыздың шынайы әлеуеті, әр азамат пен биліктің ойлау және қызмет атқару тәжірибесінің жаңғыруымен игерілетіні анық. Конституция ережелерін мемлекет пен халық игілігіне жарату жолындағы шынайы күш-жігерімізді аямайық, барынша үлесімізді қосайық!
    Бәріңізге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік тілеймін! Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк Туымыз желбірей берсін!!!
    Отанымыз гүлденіп,дами берсін!Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен шаттық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
    ВИДЕО

    ✅ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

    29.08.2024
    ✅ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
    🔰 Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 29 тамыз күні 2024-2025 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өткізілді.
    ✅Күн тәртібінде:
    📌2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға сараптама, 2024-2025 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарын бекіту. Педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацяны бекіту, сынып жетекшілерін, кабинет меңгерушілерін бекіту.
    📌Әдістемелік кеңес комиссиясының, мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының кұрамын, ӘБ жетекшілерін, шағын аудандарға жауапты мұғалімдерді. жас мұғалімдерге тәлімгерлерді бекіту.
    📌 Инклюзивті білім алушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.
    📌Мектептің жұмыс режимімен, мектеп ережесімен, қауіпсіздік техникалық нұсқаулықтарымен таныстыру.
    📌Мектептің және кабинеттердің санитарлық -эпидемиологиялық жағдайы, жаңа оқу жылына дайындығы.
    📌 «Тіл туралы» заңының
    орындалуы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту.
    📌2024-2025 оқу жылында үлгілік оқу жоспарын таңдап алу туралы және жұмыс жоспарын бекіту.
    📌Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бiртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру.
    📌Мектеп формасы талаптарын сақтау.
    📌Әр түрлі мәселелер.
    ✅Педагогикалық кеңес соңында Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлестері үшін ҚР оқу-ағарту министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталған ұстаздарымыз Байкулова Ләйла Тұңғышбекқызы мен Аттыбаева Гульнара Темірбекқызын,сонымен бірге аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының алғыс хатымен марапатталған мектеп қызметкері Пірназарова Зияда ханымды құттықтау рәсімі өтті. Марапатқа ие болған ұстаздарды, мектеп директоры мен әріптестері ұжымының атынан құттықтау сөз сөйлеп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
    ФОТО

    БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ.

    30.08.2024
    БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ.
    Шу ауданы біілім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде
    «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ» тақырыбындағы ақпараттық-танымдық семинар жүргізілді. Семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үштағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері туралы айтылды.
    Сынып жетекшілер бағдарламаның жүйелілігі мен ерекшелігіне назар аудара отырып, өз пікірлерін мен ұсыныстарын ортаға салды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үштағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері, құндылықтарды пәнге кіріктіру алгоритмдері, қауіпсіздік сабақтары мен жобаларға енгізу жолдары туралы толық ақпарат берілді. Мектеп мұғалімдері бағдарламаның жүйелілігі мен ерекшелігіне назар аудара отырып, оң пікірлерін білдірді.

    “10 тамыз-Абай күніне” орай байқау

    10.08.2024ж
    “Абайды қазақсыз, қазақты Абайсыз елестетуге болмайды” демекші, хакім Абай тек қазақ еліне ғана емес, дүние жүзіне танылған кемеңгер тұлға. Ал, сол Абайды танытуға үлес қосқан Мұхтар Әуезовтей заңғар жазушының атын иеленген қарашаңырағымызда Абайдың өмір жолын, шығармашылық жолын білетін ұрпақ өсіп келеді. “10 тамыз-Абай күніне” орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен “Абай оқулары” байқауында 9 сынып оқушысы Ертайқызы Еркеназ жүлделі ІІ орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асырды. Абайдай тұлғалардың шығармашылығымен сусындайтын, рухани жаңғыруға бет түзеген рухы биік шәкірттеріміз көп болсын! Жеңіс құтты болсын!
    ФОТО

    «Мейірім» жазғы лагерінде арнайы көңілді іс-шаралар өткізілді.

    18.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің«Мейірім» жазғы лагерінде арнайы көңілді іс-шаралар өткізілді.
    Мақсаты:балаларды жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау,қызығушылықтарын арттыру, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру.
    Топ басшылары жоспарға сәйкес балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, түрлі шаралар, ойындар, керемет сәттер сыйлай отырып, сауықтыру жұмысын жүргізіп жатыр.ВИДЕО

    "Мейірім" жазғы демалыс лагерінің екінші кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

    17.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде мектеп жанындағы "Мейірім" жазғы демалыс лагерінің екінші кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Шара барысында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дайындалған тамаша концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Таңертеңгілік жаттығулар мен түрлі ашық ойындар өткізілді. Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру - бүгінгі күннің басты міндеті.ФОТО

    "Мейірім" жазғы сауықтыру лагерінің жабылу іс-шарасы өтті.

    13.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде"Мейірім" жазғы сауықтыру лагерінің жабылу іс-шарасы өтті.
    Жазғы сауықтыру лагерімізде балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып, көтеріңікі көңілмен уақыт өткізді.Оқушыларымыз уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізіп есте қаларлықтай сәттерімен қимай қоштасты.Видео

    «Мейірім» жазғы лагерінде"Білімділер күніне" орай іс-шара өткізілді.

    13.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің«Мейірім» жазғы лагерінде"Білімділер күніне" орай іс-шара өткізілді.
    Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, балалардың білімге,оқуға,кітапқа деген қызығушылығын ояту.
    Шара барысында кітапхана,кітап туралы видео роликтер көрсетіліп кітапханадан ертегі кітаптар алып,оқып келуге тапсырма берілді.Кім қосымша қанша кітап оқығаны жайлы айтып,"Дүкенші" ойыны жүргізіліп,бүгінгі тақырып бойынша балалар ойларымен бөлісті.ВИДЕО

    "Кетігін тап та, бар қалан!" атты челлендж ұйымдастырды

    12.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 2023- 2024 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері "Кетігін тап та, бар қалан!" атты челлендж ұйымдастырды. Шара барысында жазғы мектеп жанындағы лагерьде балалармен спорттық ойындар өткізіп, ағаштар мен гүлдерді абаттандырып, білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.ВИДЕО

    «Мейірім» жазғы лагерінде"Өнер күніне" орай "Ертегі "' "Балдаурен"- тобының балалары өз өнерлерін ұсынды.

    11.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің«Мейірім» жазғы лагерінде"Өнер күніне" орай "Ертегі "' "Балдаурен"- тобының балалары өз өнерлерін ұсынды.
    "Ұстаз ана,Әжетайым,Дара бала"атты әндер шырқалып.Өлең оқып,би биледі. Қолөнер шеберлері өз өнерлерін көрсетті.ВИДЕО

    "Мейірім" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті.

    03.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде мектеп жанындағы "Мейірім" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Шара барысында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дайындалған тамаша концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Таңертеңгілік жаттығулар мен түрлі ашық ойындар өткізілді. Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру - бүгінгі күннің басты міндеті. Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен таныса алады.ФОТО

    4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

    04.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Мектеп директоры Д.Татибеков мерейлі мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің іргесі әрқашан берік болсын, - деген тілегін жеткізді.
    Оқушыларға рәміздердің тарихына, олардың маңыздылығына, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды.
    Мемлекеттік рәміздер күні - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Алтын ою-өрнекпен, шұғылалы күнмен және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті әдемі Туымыз, мемлекеттік Елтаңбамыз бен патриоттық Гимніміз – халықтың мақтаныш сезімін оятады. Бұл құндылықтар бұралаң әрі қиын жолды, сол жолда қол жеткізген жетістіктерімізді және алдағы мақсаттарымызды паш етіп тұрғандай.
    Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік орнын айқындауға, ұлттық бірлікті нығайтуға, халқымыздың рухын көтеруге ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!ФОТО

    "Мейірім" жазғы лагерінде 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай іс-шаралар өткізілді.

    04.06.2024
    ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ 2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің жанынан ашылған "Мейірім" жазғы лагерінде 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай іс-шаралар өткізілді. Топ басшылары, үйірме жетекшілері, педагог-психолог,тәлімгерлер жоспарға сәйкес балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, түрлі шаралар, ойындар, керемет сәттер сыйлай отырып,жұмысын жүргізіп жатыр.ФОТО

    "Мейірім" жазғы лагерінде"Ертегілер әлемінде ертегі кейіпкерлер күні" атты іс-шарасы ұйымдастырылды.

    06.06.2024
    ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ 2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің жанынан ашылған "Мейірім" жазғы лагерінде"Ертегілер әлемінде ертегі кейіпкерлер күні" атты іс-шарасы ұйымдастырылды.ФОТО

    "Балдәурен" тобының балақайлары Шу қаласында орналасқан "Grand Pool" бассейніне барып, бүгінгі күнін көңілді өткізіп қайтты.

    08.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің. Жазғы лагері "Балдәурен" тобының балақайлары Шу қаласында орналасқан "Grand Pool" бассейніне барып, бүгінгі күнін көңілді өткізіп қайтты.ФОТО

    Жазғы лагерінде "ТАБИҒАТ АЯСЫНДА " атты табиғат аясына экскурсия ұйымдастырылды.

    08.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 
    Іс-шара барысында балалар таңғы жаттығу жасап,астарын ішіп,саябаққа,балалар алаңына барып,түрлі ойындар ойнады.
    Топ жетекшілері:Айтқазиева.С Кенжебаева ЖВИДЕО

    "Мейірім" жазғы лагерінде 5-7 сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізілді.

    08.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің жанынан ашылған "Мейірім" жазғы лагерінде 5-7 сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізілді.ФОТО

    «Мейірім» жазғы лагерінде оқушыларға «Қазына іздеу» ойыны ұйымдастырылды.

    09.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің «Мейірім» жазғы лагерінде оқушыларға «Қазына іздеу» ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты:Балалардың өзара бірлігін,ынтымақтастығын нығайту.Бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынас орната білуге баулу,достық сезімдерін нығайту.
    Ойын барысында оқушыларға тапсырмалар бере отырып,олардың бірлесе жұмыс жасауларына үлкен көңіл бөлінді. Оқушылар ойынға қызықты да көңілді қатысты. Әр бір тапсырмаларды аса қызығушылықпен іздеп, орындады. Квест ойыны көңілді өтті.ВИДЕО

    «Мейірім» жазғы лагерінде «Әсем қалалар ” атты іс-шарасы ұйымдастырылды

    10.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің «Мейірім» жазғы лагерінде «Әсем қалалар ” атты іс-шарасы ұйымдастырылды
    Мақсаты:туған елге,жерге байланысты сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру ,балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту;
    Өз еліне, туған жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне деген сыйластық сезімдерін тереңдету.ВИДЕО

    «Балажан» ата-аналардың еріктілік қызметі» науқаны аясында ата-аналар мен оқушылар арасында «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында ойын тренинг өткізілді.

    31.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде«Балажан» ата-аналардың еріктілік қызметі» науқаны аясында ата-аналар мен оқушылар арасында «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында ойын тренинг өткізілді.
    Мақсаты: Қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттыру. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
    Іс-шараны өткізу барысында ата-аналардың қызығушылығы зор болды. Аналарымыз оқушылармен бірлесе отырып, отбасындағы тәрбие құндылықтары бойынша талдау жүргізді. Көтеріңкі көңіл-күймен өткізілген ойын тренингте бір-біріне жақсы тілек айтумен жалғасын тапты.

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төле би ауылы Тоқаш Бокин көшесінде, ата-аналардың қолдауымен балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

    01.06.2024
    1 МАУСЫМ -ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төле би ауылы Тоқаш Бокин көшесінде, ата-аналардың қолдауымен балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
    Мерекелік іс-шара барысында балаларға арнайы балмұздақ, сусындар, тәтті мақта,басқа да тағамдар таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Балалар арасында қызықты сайыстар, түрлі ойын алаңдары, ән мен би байқаулары ұйымдастырылды. Мереке құтты болсын!!!

    Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында " Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    17.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 5"б" сынып жетекшісі Гүлнұр Дүйсенбекова ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында " Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    "Бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол!" тақырыбында челенджі өткізілді

    17.05.2024
    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде"Бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол!" тақырыбында челенджі өткізілді. Мақсаты:бала қауіпсіздігі және бала өміріне пайдалы және кері әсер беретін әдеттерден аулақ болуға шақыру.видео

    2023-2024оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

    17.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің,Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 2023-2024оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
    Қаралған мәселелер:
    1.2023-2024 оқу жылында оқу- тәрбие жұмысы бойынша жылдық
    аткарылған жұмыстардың есебі»
    2. «9 сыныптардың корытынды аттесстаттау бойынша күндерімен,
    өткізілу форматымен таныстыру»
    5-8,10 сыныптардын қазақ тілі бойынша аралық аттестаттау
    емтиханымен таныстыру.
    З. «Балалардын кауіпсіздігін камтамасыз сту шаралары»,
    «Жауапкершілік басты назарда»
    4.«Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына
    қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім киюді ата-анаға тусіндіру
    жұмыстарын жүргізу«Білім беру ұйымдарына және олардын аумақтарына әкелуге тыйым салынған, олардың пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» туралы.
    Жиналыс барысында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін, бірлесе жұмыс жасау керектігі туралы айтылды. Ата-аналарға қауіпсіздік ережесі талаптарын балалардың қатаң сақтау керектігі және жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті нұсқаулықтар беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын заңды негізге ала отырып жүргізу бойынша, ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмаса отырып, жан-жақты талқыланды.
    Мектеп формасын нақтылау үшін ата-аналарға ұсыныс тасталып, жалпы ата-аналар ұйымы мүшелерінің талап-тілек,ой пікірлерімен санаса отырып, талқылауға салу арқылы шешуге уағдаласты.
    Жазғы демалысты ұйымдастыру, жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігі мен жарақаттанудың алдын алу, судағы қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
    Жиналыстың қорытынды бөлігінде балаларына жақсы тәлім-тәрбие беріп,жетістіктерге жетуге қолдау білдіру ұсынылды.фото

    «Тәліммен өрілген біздің дәстүр»және "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.

    21.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 1 «ә» сынып жетекшісі Сымбат Айтқазиева «Тәліммен өрілген біздің дәстүр»және "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
    Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі мектеп мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Мектеп өмірімен таныстыру.Оқушылардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, мектеп үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Ұлттық салт-дәстүрімізді сақтай отырып, қазақтың атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерін, дәстүрін баланың бойына дарыту, әр баланың өзіндік қабілеттерін ашу, өнерін көрсете білуге баулу, сахна мәдениетін қалыптастыруВидео

    "БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

    24.05.2024
    "БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде "Білімім - Отаныма!" жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
    Мақсаты:Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру,мәдени құндылықтарды баланың бойына сіңіру.
    Жас ұрпақты туған жерін, туған елін құрметтейтін, саналы,ізденімпаз болуға тәрбиелеу.Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
    Тәрбие сағаты ҚР Гимнімен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін бейнероликтен тамашалаумен жалғасты.
    Сынып жетекшілерінің ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарына негізделген жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының соңында оқушыларға жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайлы да түсіндірме жұмысы жүргізілді.Фото

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст