Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасында Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы,мобильді топ мүшелерінің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға заң талаптарын түсіндіру. Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру, ой-өрісін дамыту, бала құқығы туралы конвенция шарттарын меңгерту;
Түсіндірме жұмысы барысында Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Сейсебаева Айнур Базарбайқызы әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу қажеттілгі,сондай-ақ заңымыздың адамға бірнеше міндеттер жүктейтіндігін, әркімнің басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керектігі жайлы айтты.
Сонымен қатар кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз(Заңды өкілінсіз) жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы ,мопед,скутер көлік құралдарын қолданбауға байланысты,олапдың өмірге қауіптілігі бойынша ескерту айтылды.
Егер де денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, тонау, қарақшылық, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды пайдалану, жеке мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы айтылып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдалунадың зиянды жақтары мен зорлық-зомбылық пен бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Түсіндірме жұмысы барысында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында сауалнама алынды.