Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болуы тиіс.
Білімнің сапасы мен теңдігі керек. Қазір біз үшін де, әлем үшін де ең өзекті мәселе – білім берудегі теңсіздік. Шын мәнінде сапалы білім беру үшін бізге жағдайы жақсы мектеп, білігі мен ынтасы жоғары мұғалімдер қажет. Сапалы білім – аз ғана топтың қолы жететін, эксклюзивті дүниеге айналды. Сол себепті бізге эксклюзивті емес, инклюзивті, яғни көпшілікке ортақ, тең мүмкіндік туғызатын білім беру жүйесі қажет. Ол – өте күрделі міндет. Жүйені жаппай керемет мектеп, білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін қыруар күш қажет. Меніңше, бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – технологиялар. Біздің міндет – ең озық , ең білікті мұғалімдердің тәжірибесін технологиялардың көмегімен әр балаға жеткізу.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық-технологияның дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру - мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани қалыптасуына әсерін тигізіп қана қоймайды, оның өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сондықтан, бүгінгінің ұстазы өз шәкірттерін жаңа заманға сай әрі бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуі тиіс.
Заманауи білімді мұғалімі бар ондай мектептің балалары да заманына сай білімді болары сөзсіз.
Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.
Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология негіздері Абай айтқандай, жас баланың — «дара тұлғаның» әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру, қанағаттандыру, өрістету үшін қажет технология.
Бұл технология — жан-жақты білім, тәрбие беретін, өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, жас тұлғаның ғылымды игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. Болашақта ақпараттық технологияны жекелеген пәндерді оқытуға, сабақта қолдануға болатын электрондық сервис ресурстарды Quizlet –онлайн-платформа арқылы мұғалім терминдіжәне даталы күндерді есте сақтату үшін карточкаларды құрастыруға, Kahoot- викториналарды құрастыруға,XMind-ментальды карта мен постер жасауға,Triventy сұрақ -жауап тесттер құрастырып сабақ барысында пайдалану үстінде.Білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, өзара байланыста белсенді қолдануына өте қажет .
Мектебімізде 2016 жылдан бастап Күнделік.кз электрондық журналдар жүйесі іске қосылып, барлық сынып және үйірме журналдары АКТ арқылы электронды форматта жүргізілуде. Сонымен қатар, оқушы табелі, Мұғалімдердің сабақты алмастыру журналы сынды қатаң есептіліктегі құжаттар да электорды форматта іске асырылуда. Бұл өз кезегінде қатаң есептіліктегі құжаттарды жүргізудегі ашықтықты, мобильдікті, қолжетімділікті және есептер құру барысында сапалы әрі жылдам қорытынды жасауға мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, ҰББДҚ базасы арқылы мектептің материалдық-техникалық базасынан бастап, мектеп контингенті және кадрлық құрам бойынша толық мәлімет тұрақты жүргізілуде. Осы арқылы білім беру саласындағы артық қағаз бен есептен арылуға қол жеткізілуде. Бұл өз кезегінде ақпараттың қолжетімділігін арттырып, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ, қызметкерлерді бос жұмыс орындарын жариялау, жұмысқа қабылдау, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шарттар hr.enbek.kz порталы арқылы іске асырылуда.
2021 жылдан бастап мектебіміздің Youtube каналы ашылып, педагогтардың ашық сабақтары «Онлайн шеберхана» жобасы аясында аталған каналған жүктеліп, кеңінен таралуда.
Сонымен қатар, мектебіміздің әлеуметтік парақшаларында оқушыларымыздың жетістігі, мектебіміздің тынысы, педагогтар жетістігі, алқалы жиындар мен басқа да іс шаралар толық қанды жарияланып, оқушылар мен ата-аналардың мектеп өмірінен хабардар болып отыруына жол ашылған.
Мектебіміздің дәстүрлі «Қара шаңырақ» мектепішілік газетін қағаз тасымалдағыш түрінен электронды форматқа ауыстыру арқылы өзінің оқырмандар кеңістігін кеңейтіп отыр. Электронды газет мектеп сайтына жарияланады және Whatsapp мессенджері арқылы ата-аналар мен оқушыларға және мектептің бұрынғы түлектеріне жолданып отырады.
Мектепте жалпы саны 177 компьютерлік құрылғы бар. Оларды білім беру үрдісінде тиімді қолдану мақсатында 10 компьютер мектеп әкімшілігінің қолданысына, 167 компьютер оқу үрдісінде қолданылуда. Әр 4 оқушыға бір компьютерден айналуда. Сонымен қатар, мектеп кітапханасының оқу залына 8 планшеттер беріліп, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан кеңінен қолданылуда.
Яғни, мектептегі әр оқу кабинеті мұғалім компьютерімен жабдықталған. Сондай-ақ, мұғалімдердің сабақтан бос уақытта электронды журналдар жүйесін толтыру, интернет желісі арқылы қосалқы материалдар қарау және қажетті құжаттарын басып шығаруды ұйымдастыру мақсатында мұғалімдердің әдістемелік кабинетінде 4 ноутбук және 1 түрлі-түсті принтер орнатылған. Кабинеттер заман талабына сай жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған. Биология, химия, физика кабинеттері зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып, оқу және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Оқу кабинеттеріне мұғалім мен оқушыларға парта, шкаф, демонстрациялық үстел, интерактивті панель, компьютер, мультимедиялық зертхана қойылған, гарнитура және үздіксіз қуат көзімен жабдықталды.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Қазақстанның білім беру жүйесінің жетекші салаға айналуы, бәсекеге қабілетті білім, бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеу - жоғары даярлықтан өткен мұғалімге байланысты. Бүгінгі таңда мектепте 65 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде 63 жоғары білімді, яғни 98%, 2 арнаулы орта білімді, бәрі мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Кадрлармен жұмыс жасау мәселесі әкімшіліктің бақылауында. Әкімшілік өз қызметі барысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста. Ұжымдағы моралдік – психологиялық жағдай жақсы.
Өз пәнінің теориясын жетік меңгерген, оқытудың тәрбиелеудің көптеген әдіс-тәсілдерін еркін қолдана алатын ұстаз ғана беделді бола алатынын сезінген 65 ұстазымыз уақытында, күштерін де аямай жұмыс істеуде.
Ұстаздарымыздың сапалық құрамын өткен оқу жылдарымен салыстырып өтсек:
Оқу жылы |
|
Білімі |
Санаты |
|||||||||
Жалпы саны |
Жоғары |
Арнаулы орта |
Педагог тағылымдамашы |
Жоғары |
Бірінші |
Екінші |
Педагог |
Педагог модератор |
Педагог сарапшы |
Педагог зерттеуші |
Педагог мастер |
|
2021-2022 оқу жылы |
75 |
70 |
4 |
- |
4 |
6 |
4 |
21 |
7 |
16 |
16 |
1 |
2022-2023 оқу жылы |
70 |
67 |
3 |
- |
3 |
6 |
6 |
17 |
7 |
15 |
15 |
1 |
2023-2024 оқу жылы |
65 |
63 |
2 |
5 |
- |
- |
3 |
14 |
10 |
16 |
16 |
1 |
Мұғалім оқу жылында өзінің даму бағытын анықтайды, жылдық бойынша өзінің жұмысын талдайды, қажетті жағдайда бағытын түзетеді. Аттестатциялау мақсатында да, үздіксіз кәсіптік даму мақсатында да мектепте бағалау кезеңі мұғалім тәжірибесінің жақсаруына көмектеседі. Бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.
Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
Білім сапасы үшін педагогтердің біліктігін арттыру өте маңызды. Сондықтан біз бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Педагогтердің үздіксіз біліктілігін арттыру үшін Президенттің тапсырмасын орындап, заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді мұғалімдер 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет біліктілік арттыру курстарынан өтеді.
Пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында өткізген диагностиканың қорытындысы бойынша:
І деңгейде – шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзіндік бақылауға көшкен – 37% /20 мұғалім/ бар;
ІІ деңгейде – өзін шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттаған мұғалімдер - 37% /15 мұғалім/ болып отыр;
ІІІ деңгейде – өзін шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі бағыттай алмаған - 26% /24 мұғалім/ жас мамандар құрайдыМектеп мұғалімдері жыл сайын перспективтік жоспар бойынша курстан өтіп келеді. Ұстаздық-жаңашылдық, іздемпаздық, зерттеушілік пен шығармашылық қабілетті және инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру үшін шығармашылық «Шапағат» тобы жұмыс істейді.Өз білімін жетілдіру үшін әдістемелік көмек ұйымдастыру барысында «Тәжірбиедегі рефлексияда» жалпы білім беретін мектеп педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Сманова мен физика пәнінің мұғалімі Л.Алимбекова, «Тәжірибедегі зерттеу: Lesson Study» курстан өткен Ж.Бекбаулова
2023-2024 оқу жылында заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалану мақсатында
Жыл бойы жас мамандардың іскерлік дағдыларын қалыптастыруға тәлімгерлік көмек көрсету, жас мамандардың оқушылармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жас мұғалімдер» мектебі жұмыс істеді.
Осы оқу жылы үш жылға дейінгі мамандар- 12 педагог жалпы мектептегі педагогтердің 19% , білім беру ұйымына алғаш рет жұмысқа қабылданған 3 жас маман . Мектепке келген әрбір жас маманғаТәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығына сәйкес, олардың әрқайсысына тәлімгер ұстаздар бекітілді. Атап айтсақ:
№ |
Жас маманның аты-жөні |
Пәні |
Бекітілген тәлімгері |
Тәлімгердің лауазымы |
1 |
Дуйсенбекова Гулнур Дүйсенбекқызы |
Математика |
Омарова Гулбахыш Әскерқызы |
Математика |
2 |
Алтынбек Шәкәрім Нұржанұлы |
Математика |
Алимбекова Ляззат Зарлхановна |
Физика |
3 |
Базылбекова Айсулу Кеңесқызы |
Ағылшын тілі |
Сманова Айша Көпесбайқызы |
Ағылшын тілі |
Тәлімгерлер жас маманмен кезеңдермен жұмыс жоспарын құра отырып жұмыс жасады.1-ші кезең – бейімделу.
Тәлімгер сауалнама ала отырып жас маманның, сондай-ақ оның кемшіліктері және дағдылары жүйелеу үшін жоспар жасады.
2-ші кезең – негізгі.
Тәлімгер жоспарын әзірлейді және іске асырады, түзетуді жүзеге асырады, кәсіби дағдыларын құруға көмектеседі, оған өзінің жоспарын өзін-өзі жетілдіруге үйретеді.
3-кезең – бақылау-бағалау. Кезеңдерінен тұрады.
Тәлімгер тексереді және жас педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейі дәрежесін анықтайды, оның дайындығын өзінің функционалдық міндеттерімен салыстырып, бағалады.
Таңдау жұмыс түрі: жас маманмен бастаған кіріспе сауалнама жүргізу және әңгімелесу, педагог көрсеткен қиындықтар, проблемалар.
Сауалнама қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс жоспары жасалды.
Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер арқылы перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға, сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды сабақта қолдану жолдары анықталды.
Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді анықтау мақсатында өткен «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты жас педагогтердің арасында өткен олимпиадада өзінің шығармашыл іздемпаздығының арқасында Дәулетәлі Ермахан Несіпханұлы аудандық кезеңді І орын, облыстық кезеңде ІІ орын иеленіп, республикалық кезеңде алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, Ермахан Несіпханұлы аудандық педагогтер арасында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша ІІІ орын иегері.
«Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбындағы облыстық ашық алаңда өз тәжірибесімен бөліскені үшін Дәулетәлі Ермахан Несіпханұлы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу -әдістемелік орталығының сертификатына ие болды.
Математика пәнінің мұғалімі жас маман Нишанкулова Ж. «Математика пәнінен ҰБТ-да қиындық тудыратын есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбындағы семинарға, Сәлиева Ақерке Құлшыманқызы «Жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинарға белсене қатысқаны үшін сертификатқа ие болды
«Сабақ Time» жобасы-кәсіби шыңдалу алаңы. Педагогтердің кәсіби шыңдалуына ықпал ету, оның кәсіби құзіреттілігін дамытып, шығармашылық ізденіс, жаңашыл әдіс-тәсіл арқылы заманауи білім платформаларын тиімді пайдалана отырып, педагогтердің пәндік құзіреттілігін арттыру мақсатында өзге мектептің оқушыларымен сабақ өткізу арқылы іс-тәжірибе алмасу.
Аудандық «Сабақ Time» жобасы аясында «Тиімді оқыту: оқыту әдістерімен тәжірибеде қолдану жолдары» тақырыбындағы семинарда өз іс-тәжірибесімен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аульбекова Гулнара Амангельдиевна М.Горький «Сказки об Италии» тақырыбындағы ашық сабағында оқытудағы жаңа әдістермен бөлісті.
Осы жоба аясында биология пәнінің мұғалімі Алиева Манзура Аманбайқызы «Адам генетикасының зерттеу негіздері» тақырыбында оқу мақсаттарына бағыттай отырып, интербелсенді әдістерді пайдалана отырып, күтілетін нәтижеге жетудің жолдарымен тәжірибе алмасты.
Оқушылардың белсенділігін, құзіреттілігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін ашу,алған білімдерін өмірінің кез келген сәтінде пайдалана алатын оқушыларды қалыптастыру мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сманова Айша Көпесбайқызы «Мақсат құруда, нақты шынайы өлшемді көрсету» тақырыбында коучинг өткізді.
Әр мектептің өз ерекшелігіне сәйкес әдіс –тәсілдер іріктеледі.Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін физика пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыруға байланысты Алимбекова Ляззат Зарлханқызы «Идеаль газ...» тақырыбында ашық сабағын өтті. Заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, физика пәнін тиімді оқытудың жолдарын ұсынды.
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтың тиімділігін арттыру. Оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі-білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызмет енгізу арқылы білім сапасын арттыру
«Жаңару жаршысы-2024» жетекші мектептердің Жамбыл облысының өңірлік форумы болып өтті .Сол форумда директордың оқу-әдістеиелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бекбаулова «Желілік қоғамдастықта тәжірибе алмасу» тақырыбында баяндама оқып, іс-тәжірбиесімен бөлісті.Мақсаты - желілік кәсіби педагогикалық қоғамдастығын құрудағы көшбасшылының рөлін, харизмасы арқылы оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру, педагогикалық зерттеу жүргізу бойынша жетекші мектептер педагогтерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу және өзара әрекеттесу алаңын құру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Оқушыларды ХХІ ғасыр дағдыларына қарай икемдеу, проблемаларды шеше білу дағдысын, сын тұрғысынан ойлауды, іскерлікті және креативтілікті игерту үшін, ең алдымен, мұғалімнің өзінде мықты пәндік және педагогикалық білім болуы, сонымен қатар маңызды құндылықтар жүйесі қалыптасуы тиіс. Тек құзырлы мұғалімдер ғана білім берудің қуатты жүйесін құра алады.
Сондықтан сабақты зерттеу негізіндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін құру жұмыстары қолға алынды. Себебі мұғалімдерінің кәсіби біліктілік деңгейі мен мектепте мұғалімдер қауымдастығында қалыптасқан көшбасшылық орта мен ұжымның әлеуеті бұл жұмысты жүргізуге толық мүмкіндік берді. Өйткені, іс-әрекетті зерттеу мен сабақты зерттеу бойынша озық тәжірибе тарату мақсатында аудан көлемінде ұйымдастырылған 5, облыс көлемінде бір семинар мен форумда бөлісті.
Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында мектеп ұстаздары түрлі технологияларды оқу үрдісіне енгізуде. Оқытудың интербелсенді әдістерді пайдалану, критериалды бағалау жүйесін енгізу, оқушылардың фукционалдық сауаттылыған арттыру, СТО (Сын тұрғысынан ойлау), үш өлшемді оқыту технологиясы, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдануда.
Озық педагогикалық әдіс -тәсілдерді қолданып, оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушылардың логикалық потенциалын арттыру жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау. Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту.
Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттауда әріптестермен іс-тәжірбие алмасудың рөлі зор. «ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбындағы психологтардың семинары «Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді оқыту тәсілдерін анықтаудағы бағалаудың ролі»» тақырыбындағы семинар -практикум, «Сабақты зерттеу –педагог кәсіби шеберлігін дамыту жолы» пән мұғалімдерін интербелсенді әдістерді тиімді пайдаланудың жолдарымен бөлісу мақсатында, «Ұстаздардың кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында мектепішілік семинар облыс көлемінде іс -тәжірибемен бөлістік.
Сатылғанова Гулмира Таңқашқызы- «Ұлттық өнер» көрмесінде «Тоқыма бұйымдарын жасау» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Алимбекова Ляззат Зарлхановна- Ауыл мектептерінң оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жеңімпаз дайындағаны үшін Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Бекбаулова Жанар Буркитбайқызы- Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен І республикалық «Төлеген Айбергенов оқулары» байқауының жеңімпазын дайындағаны үшін Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Айтқазиева Сымбат Рысбекқызы- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғарғаы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты көркемөнерпаздарының шығармашыл VII облыстық фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
Жастар тобы драма - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғарғаы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты көркемөнерпаздарының шығармашыл VII облыстық фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. Айтмағамбет Айжан Анасқызы, Нишонкулова Жумакул Нуржигитовна, Сәлиева Ақерке Құлшыманқызы- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастырумен өткен колледж мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәрбиешілері мен мұғалімдерге арналған «PedOlimp» ІІ Республикалық пәндік педагогикалық олимпиадасының І орын иегері. Алиева М., Алимбекова Л., Сәлиева А.-Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», АҚ филиалы, Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты»-«Pisa зерттеуі бойынша функциональдық сауаттылықты дамыту тапсырмалары» байқауында озық тәжірбие бөліскені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Алимкешова Жазира Ашықбекқызы- «Ауданның білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Құрмет грамотасы» марапатталды. Сұлтан Нурия Нурманқызы- Қазақ тілі пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПЕДСТАРТ» Республикалық қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Еркеева Сабира Баймуханбетқызы-«DARYN» біліктілік орталығы ұйымдастырған «ПедStart» атты Республикалық пәндік олипиаданың І дәрежелі диплом иегері. Сұлтан Нурия Нурманқызы- Математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПЕДСТАРТ» Республикалық қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Конурбаева Гулнур Сегизбаевна- бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПЕДСТАРТ» Республикалық қашықтық олимпиадасында «Кәсіби құзыреттілік: бастауыш сынып мұғалімдері» онлайн-олимпиада І орын иеленді.
Қалымбетова Салтанат Жумағалиқызы- Математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПЕДСТАРТ» Республикалық қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сексенбаева Балнур Елтайқызы- «Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау мәселелері»тақырыбындағы облыстық шеберхана жұмысында өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Оқушылардың білімге деген түрлі сұраныстарына байланысты мұғалімдер оқу бағдарламаларын құрастыруға немесе типтік оқу бағдарламаларын өзгертуге ниет білдіріп авторлық жұмыстар жазады.Қолданбалы курстар дегеніміз бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңейтуге, олардың қандай да қолданылуы жайлы білім қалыптастыруға арналған курстар және оқушының білуге міндетті, таңдауға құқылы пәндер. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері А.Мамешова, Ш.Батырбекованың құрастырған «Қызықты грамматика әлемі» авторлық бағдарламасы жарық көрді. География пәні мұғалімі Қ.Медетбекова өзімен бірге үш әріптестерімен «Географияны оқытудағы инновациялық аспектілер және оның жүргізілу жолдары» тақырыбында авторлық бағдарлама жазды. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері Дидаева Бахыт және Аттыбаева Гүлнардың «Эффективность применения инновационных технологий на уроках русского языка и литературы: методическое пособие» әдістемелік құралы шықты. Байкулова Лейланың«Уровневые задания по русскому языку» тақырыбында авторлық бағдарламасы бар.
Бастауыш сынып мұғалімі Мамешова Әлияның «ХХ-ХХІ ғасырдағы балалар әдебиеті» тақырыбындағы авторлық жұмысы оқушыларға сөйлеу тілінің байлығы мен әдеби тіл нормасын үйретуге бағытталған. Тарих пәнінің мұғалімі Сегізбаева Гулзаданың «Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың зерттелу тарихы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.
Физика пәнінің мұғалімі Алимбекова Ләззаттың «Физика есептерін шығару тәсілдері мен әдістемесі» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жарық көрді.
Қазіргі таңда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сманова Айшаның «Ағылшын тілінің стилистикасы» тақырыбында авторлық жобасын әзірлеу үстінде.
Мерзімді басылым беттерінде іс -тәжірибелерін насихаттауда Алимкешованың «Дара және күрделі етістік» «Көшбасшы мұғалім – Учитель – лидер» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының №8 2023ж. санында авторлық материал жариялағаны үшін сертификат берілді.
Байкулова Л. «Использование современных технологий на уроках русского языка и литературы в условиях личностно ориентированного образования» тақырыбындағы макаласы «ZHARQYNBOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына ,2024 жылы жарияланды.
Дидаева Б. «Развития творческого мышления на уроках литературного чтения» тақырыбындағы макаласы «ZHARQYN BOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына ,2024 жылы №1 санына жарияланды.
Аттыбаева Г. «Пути развития творческих способностей на уроках русского языка и литературы» тақырыбындағы макаласы «ZHARQYN BOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына ,2024 жылы №7 санына жарияланды.
Культасова М. «Мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру қызметі» тақырыбындағы макаласы «ZHARQYN BOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына ,2024 жылы №1 санына жарияланды
Абдраманова Н. «The technolog of critical thinking in English lessons» тақырыбындағы макаласы «ZHARQYN BOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына ,2024 жылы №1 санына жарияланды7
Аульбекова Г. «Роль текста в развитии устной и письменной речи учащихся на уроках руского языка и литературы.» тақырыбындағы макаласы «ZHARQYN BOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына,2024 жылы №1 санына жарияланды
Мұғалім әдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше өз білімін көтеруге байланысты болмақ. Сондықтан да үздіксіз білім беру процесін жоғары оқу орны – мұғалімдерімен білімін жетілдіру институттарында – семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерін іс тәжірбиеде бөлісу арқылы жүзеге асып келеді.
Кәсіби бағдар беруші педагогтары мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтаужәне кәсіби типін бағалау. Оқушыларға өздерінің кәсіби-тұлғалық қабілетін анықтау қорытынды сынайтып, ұсынылған мамандықтармен таныстыру.
Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Оқушы өзін-өзі тану мақсатында қандай да бір сауалнаманы толтырды.
Климов кәсіби-тұлғалық типін анықтаусауалнамасы алынды.
Мамандықтар бойынша ағарту жұмысын жүргізу және кәсіби бағдар беру жұмысының мәні өте терең. Өйткені әр мектеп бітіруші өзінің болашақ мамандығын жекелік психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай анықтағанда ғана олар мамандық қызметінде табысты болады. Сондықтан, мектеп психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі балаларға мамандықты дұрыс таңдатуы болып табылады.
Сыныптар бойынша: 9А сыныбында- 20, 9Ә сыныбында-20, 9 Б сыныбында-20
Жалпы 9 –шы сыныптарда ең көп таңдалғаны жаратылыстану бағыты бойынша таңдаған мамандықтары -40, гуманитарлық бағытта қалған оқушылар -14, шығармашылық бойынша -6 оқушы сәйкесін таңдады. 11А сыныбында- 18, 11Ә сыныбында-20
Жалпы 11 –шы сыныптарда ең көп таңдалғаны жаратылыстану бағыты бойынша таңдаған мамандықтары 11А-дан - 14 оқушы, 11Ә – 3 оқушы, гуманитарлық бағытта 11А-2 оқушы, 11Ә-11 қалған оқушылар шығармашылық бойынша 11А сыныбынан -2 оқушы, 11Ә сыныбынан 6 оқушы сәйкес мамандықтарын таңдады.
Оқушылардың түрлі спорттық байқаулар мен жарыстарға қатысу көрсеткіші
Балалардың жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру барысында қазіргі кездегі жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге баулу үшін спорттық секциялар мен түрлі бағыттағы үйірмелердіңпайдасы зор.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білімнің қажеттілігі жайлы, бала жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға тәрбие мен білімді біріктіре отырып, зиянды әдеттерден сақтандыру үшін оқушыларымыз мектепте,аудан,облыс, республика,халықаралық деәңгейдегі жарыстарға қатысып,жүлделі орындарды иеленді.
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бексултанов Мадияр- Иордания мемлекетінде өткен Азия Чемпионатында жасөспірімдер арасындағы бокстан өткен жарыста / қола медаль иегері.КСРО спорт шебері Е.Ишекеновті еске алуға арналған 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының «Оңтүстік-Батыс» аймақтық турнирінде І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жалаңтөс Баhадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектептің құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген Қазақстан Республикасының мықты боксшысы І орын иегері.Соцалистік еңбек ері Сағынтаев Әбдірдің 100 жылдығына арналған бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирінде І орын иеленді.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан Е.Қайыпжановтың республикалық ашық турнирінде 80 кг салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін марапатталды. 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында 80кг салмақ дәрежесінде І орын иеленді.Аудандық Н.Д.Қақпанбаевты еске алуға арналған 2006-2007 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының «Үздік боксшысы» дипломмен марапатталды.
Мектеп оқушылары төмендегідей байқау және жарыстарға қатысып,мадақтау қағаздары мен дипломдармен марапатталды.
Қытай Халық Республикасында өткен бокстан халықаралық жарыста Әлкен Мағдғдислан 2-орын иеленді.
Жастар нашақорлыққа қарсы ұранымен бокстан 2008-2013 жылы туылған жасөспірім ұл қыздар арасында бокстан Қордай ауданының біріншілігінде Мәупетхан Ерсұлтан 1-орын,Шотай Дастан мен Қабылжан Бекжан 3-орын иеленді.
Аудандық «Мектеп лигасы» жарысында волейболдан 5-6 сынып қыздары
2-орын,ұлдар командасы 1-орын алып ,облысқа жолдама алды.
Халықаралық дзюдо турнирінде Орманхан Қарлығаш 3-орын иеленді.
Аудандық 5-6 сыныптар «Мектеп Лигасы» жарысында баскетболдан қыздар командасы 3-орын иеленді.