Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Боранқұл Нұрдәулет««Қазақстандағы теріс ағымдағы діни-экстремизм мен терроизмнің қауіп-қатері»» тақырыбында кездесу өткізді.

    15.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Əуезов атындағы орта мектебінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Боранқұл Нұрдәулет««Қазақстандағы теріс ағымдағы діни-экстремизм мен терроизмнің қауіп-қатері»» тақырыбында кездесу өткізді. Мақсаты: оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу,
    Кездесу барысында әр түрлі жат діни ағымдардың теріс идеологиясына жасөспірімдердің төтеп беруі үшін алдымен отбасында адамгершілік қасиеті мен үлкенді сыйлау дәстүрін нығайту қажет екендігі туралы айтылды. Теріс бағыттағы діни сенімнің арбауына түспес үшін, әлеуметтік желідегі белгісіз діни бағыттағы сайттарға кіруге болмайтындығы және бөгде адамдармен ара-қатынас жасағанда, сауаттылық таныту керектігі жайлы айтылды.Қоғам арасында теріс бағыттағы діни ағымдардың рөлі қалай, олардың белгілері, сөз, іс-әрекеттері жайлы кеңінен түсіндіріп , қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыру мәселелері жайында кеңінен айтып өтті.Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша дәйекті жауап беріліп,дінге қатысты ұстанымдардың мән-мағынасы туралы нақты түсініктер берілді.9 адам, адамдар оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

    «Мен әлемнің бейбітшілігін қолдаймын!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    01.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің кітапханасында «Мен әлемнің бейбітшілігін қолдаймын!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.

    «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы діни сауаттылықты қалыптастыру » тақырыбында кездесу өткізді

    26.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Боранқұл Нұрдәулет«Жасөспірімдер мен жастар арасындағы діни сауаттылықты қалыптастыру » тақырыбында кездесу өткізді. Мақсаты: оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу,
    Іс-шара барысында арнайы бөлім инспекторы қатысушыларға деструктивті діни ағымдарының зияны мен оларды танып білудегі басты ерекшеліктері, сондай-ақ теріс бағыттағы діни сенімнің арбауына түспес үшін, әлеуметтік желідегі белгісіз діни бағыттағы сайттарға кіруге болмайтындығы және бөгде адамдармен ара-қатынас жасағанда, сауаттылық таныту керектігі жайлы айтып өтті. Қатысушылар да өз ой-пікірлерімен бөлісіп атсалысты.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст