Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    "Есірткі заттардың зияндығы " тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

    02.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8 «ә» сынып жетекшісі Айсұлу Ихласова"Есірткі заттардың зияндығы " тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
    Мақсаты:жасөспірімдер арасында зиянды заттардың қолдану зияндылығы туралы ақпараттандыру деңгейін өсіру, жасөспірімдер арасында СНЮС, басқа да есірткі заттарының зияндығын түсіндіру,салауатты өмір салтын насихаттау,құқық бұзушылықтың алдын алу.
    Тәрбие сағаты барысында жасөспірімдер арасында өте кең таралған зиянды есірткілік заттар, вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті.

    "Нашақорлықтың зардаптары" тақырыбында дәріс өткізді.

    01.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде,аудандық аурухана медбикесі Бекбай Айдана
    "Нашақорлықтың зардаптары" тақырыбында дәріс өткізді.
    Мақсаты: Оқушыларды құқық бұзушылық іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату; психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту.
    Дәріс барысында адам денсаулығына орасан зор зиянды өзгерістер тудыратын табиғи немесе синтетикалық заттардың адам өміріне қауіптілігі жайында айтып өтті. Есірткі құралдарына – табиғаты әр түрлі заттар тобының түрлері болып саналатын бүтіндей өсімдіктер, яғни сора, көкнәр, эфедраның ұнтақталған бөліктері кіреді. Оның ішінде сора өсімдігінен (марихуана, гашиш), көкнәрдан (апиын), заңсыз дайындалған синтетикалық есірткі құралдары (героин, амфетамин және оның туындылары) жатады. Бұларды өз бетінше, медициналық мақсаттан бөлек теріс пайдалану – нашақорлыққа соқтырады.
    Нашақорлық– адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келеді. #bilimim_otanyma

    «Спорт - денсаулық кепілі» атты кіші футболдан жарыс өткізілді.

    17.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінң Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде «Дене шынықтыру,АӘТД және көркем-эстетикалық» пәндер бірлестігінің айлығының жоспарына сәйкес«Спорт - денсаулық кепілі» атты кіші футболдан жарыс өткізілді.
    Мақсаты:жасөспірімдердің назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау, түрлі зиянды тағамдарды қолданбауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және салауатты өмір-салтын ұстануға шақыру.
    Ойын нәтижесі бойынша 1-орынды 7сынып, 2-орыны 6сынып, 3-орынды 8-9сынып ұлдары иеленді. Сонымен бірге жақсы ойын көрсеткен ойыншылар, үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы дипломдарымен марапатталды.8 адам, адамдар футбол ойнауда, адамдар футбол ойнауда және шөп кескіні болуы мүмкін24 адам, адамдар футбол ойнауда, адамдар футбол ойнауда және шөп кескіні болуы мүмкін4 адам, адамдар футбол ойнауда, адамдар футбол ойнауда және шөп кескіні болуы мүмкін8 адам, адамдар футбол ойнауда, адамдар футбол ойнауда және мәтін кескіні болуы мүмкін8 адам, адамдар футбол ойнауда, адамдар футбол ойнауда және шөп кескіні болуы мүмкін

    🌿"Таза аула,Таза өлке,Таза ел!" Экологиялық науқаны аясында сенбілік өткізілді.

    13.04.2024
    "Таза аула,Таза өлке,Таза ел!" Экологиялық науқаны аясында сенбілік өткізілді.Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде"Таза аула,Таза өлке,Таза ел! " атты экологиялық науқаны аясында сенбілік өткізілді.
    Мақсаты:қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.
    Науқанға мектеп ұжымы белсене қатысты. Нәтижесінде мектеп ауласы, ғимараттың айналасындағы күл қоқыстар мен шөп-шаламдар арнайы орындарға шығарылып, тазартылды.
    Тазалықты сақтау, табиғатты қорғау әрбір азамат үшін маңызды іс.Қоршаған ортаның таза болуы - денімізге саулық, жаңа бастамаларға шабыт береді.Таза Қазақстанға үлес қосайық!!!8 адам, ағаш және шөп кескіні болуы мүмкін5 адам, ағаш және шөп кескіні болуы мүмкін9 адам және ағаш кескіні болуы мүмкін8 адам, шөп және ағаш кескіні болуы мүмкін10 адам, ағаш және шөп кескіні болуы мүмкін5 адам, шөп және ағаш кескіні болуы мүмкін

    "Көңілді старт" атты спорттық - эстафеталық сайыс өткізілді.

    05.04.2024

    "7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық ойындарды дамыту мақсатында 6-7 сынып оқушылары арасында "Көңілді старт" атты спорттық - эстафеталық сайыс өткізілді. Төрешілердің шешімімен жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

    «Денсаулық-байлықтан қымбат» атты волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді.

    09.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде «Дене шынықтыру,АӘТД және көркем-эстетикалық» пәндер бірлестігі айлығының жоспарына сәйкес,6-7 сынып оқушылары арасында «Денсаулық-байлықтан қымбат» атты волейболдан мектепішілік жарыс  өткізілді.

    Мақсаты: оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, аталған спорт түрімен жүйелі түрде айналысуларына жол ашу, ойыншылардың деңгейін анықтау, аудандық жарыстарға мектеп құрама командасын жасақтау және мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.

    Тартысты бәсекеде  командалар бар шеберліктерін көрсете білді. Жарыс нәтижесінде 1-орын 6 сынып ұлдар , 2-орын 7 «а» сынып ұлдар, 3-орын 7 «ә» ,6 сыныптың қыздар командалары иелендіВозможно, это изображение ‎4 человека, люди играют в баскетбол и ‎текст «‎СПОРТ рТ-ДЕНСАУЛЫК ΚΕΠΙΙ ፍወባኳ た Жарыска катысуш катысушьларга

    Возможно, это изображение 5 человек, люди играют в волейбол, люди играют в баскетбол и текст

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст