Меню KDT

logo.png?_=1746181983

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «Кенгуру» ойын-конкурсы

    «Дарын»  Республикалық  ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  өткен «Кенгуру» ойын-конкурсына  мектебімізден

    122 оқушы  қатысып, 97 оқушы  жүлделі  орындарға  ие  болды.

    «Ілияс Жансүгіров» оқуларының аудандық кезеңі

    7-11 сынып  оқушылары арасында өтетін республикалық

    «Ілияс Жансүгіров» оқуларының аудандық  кезеңінде бір оқушымыз бас жүлде, бір оқушымыз бірінші орын, бір оқушымыз ІІІ иеленіп, облыстық кезеңде «Алғыс хатпен» марапатталды.

    «Менің сүйікті атам мен әжем» атты фотобайқау

    Үйден оқытылатын оқушылардың арасындағы  «Менің сүйікті атам мен әжем» атты фотобайқауда екі оқушымыз 2,3 орын иеленді.

    «Мұқағали Мақатаев» оқуларының аудандық кезеңі

    7-11 сынып  оқушылары арасында өтетін республикалық

    «Мұқағали  Мақатаев» оқуларының аудандық  кезеңінде бір оқушымыз алғыс хатпен, бір оқушымыз бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңде «Алғыс хатпен» марапатталды.

    «Мәшһүр Жүсіп» оқулары байқауының аудандық кезеңі

    8-11 сынып  оқушылары арасында өтетін республикалық«Мәшһүр Жүсіп» оқулары  байқауының  аудандық  кезеңінде  оқушымыз 2 дәрежелі дипломмен, бір оқушымыз бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңге жіберіліп, облыстық кезеңде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

    Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында 4 оқушымыз жеңімпаз атанып 2,3 орын иеленді.

    «Заңға құрмет-тәртіп кепілі» тақырыбындағы үздік эссе байқауы

    Аудандық «Заң және тәртіп» айлығы аясында өткен «Заңға құрмет-тәртіп кепілі» тақырыбындағы үздік эссе байқауында  екі оқушымыз бас жүлде иеленді.

    «Яссаитану» байқауы

    6-11 сынып оқушылары арасында өткен «Яссаитану» байқауының аудандық кезеңінде  Омарбек Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    «Т.Айбергенов оқулары» байқауы

    5- 11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Т.Айбергенов оқулары» байқауының аудандық кезеңінде екі оқушымыз бас жүлде, бір оқушымыз ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    «Дана тұлға, дара тұлға- Д.А.Қонаев» байқауы

        Қазақтың біртуар ұлы-Дінмұхамед Қонаевтың  туған күніне орай өткізілген    «Дана тұлға, дара тұлға- Д.А.Қонаев» байқауының аудандық кезеңіне екі оқушымыз қатысып, бір оқушы облыстық кезеңге өтіп, облыстық кезеңде мақтау қағазымен, бір оқушы 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

    «Махамбет оқулары» байқауы

           8-11 сынып  оқушылары арасында  өтетін республикалық  «Махамбет  оқулары» байқауының аудандық кезеңі бойынша үш оқушымызІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, бір оқушымыз облыстық кезеңге жіберіліп, облыстық кезеңде грамотамен марапатталды

    «Ақберен» өнер және білім байқауы

         Жас ұрпақ бойына Отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тіліді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында республикалық «Ақберен» өнер және білім байқауында екі оқушымыз І және ІІ дәрежелі дипломмен және  бір оқушымыз облыстық кезеңге жіберіліп, облыстық байқауда мақтау қағазымен марапатталды

    «Тілім менің тірегім» тақырыбындағы эссе

    Бастауыш сынып оқушылары арасында  тіл мерекесіне орай өткізілген аудандық «Тілім менің тірегім» тақырыбындағы эссе жазу байқауында 4 оқушымыз 1 және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    ДЕБАТТАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР: ШУ АУДАНЫ КОМАНДАСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

    06.06.2024
    ДЕБАТТАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР: ШУ АУДАНЫ КОМАНДАСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
    Мектеп басшыларының арасында🏆 өткен І облыстық «Director`s CUP» дебат турниріне Шу ауданы атынан қатысқан Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Татибеков Дархан Рахымбердіұлы ІІІ орынды иеленді.
    Мақсаты:білім беру ұйымы басшыларының көшбасшылық қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін дамыту, өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту арқылы олардың азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру.
    Дебатер директорларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
     

    Шу ауданды білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген аудандық "Орта білім беретін үздік ұйым" байқауының нәтижесі бойынша Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі ІІІ - орынға ие болды.

    11.06.2024
    Шу ауданды білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген аудандық "Орта білім беретін үздік ұйым" байқауының нәтижесі бойынша Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі ІІІ - орынға ие болды. Білім мен тәрбие беру жұмысының жоғары деңгейдегі атқарылған көрсеткіші үшін, аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының басшысы А.Бекмурзина мен аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Дурманов мектебімізге заманауи принтерін табыстап, арнайы дипломмен марапаттады.
    «Орта білім беретін үздік ұйым» атағына ие болу, бұл — білім ордасы үшін үлкен мәртебе, зор табыс, асқақ абырой. Мерейі мен беделі, жеткен жетістігіміз мен бағындырар асуымыз мол болғай деп тілейміз!ФОТО

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Жедел сілтемелер