Шу ауданы білім бөлімінің,Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 2023-2024оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
1.2023-2024 оқу жылында оқу- тәрбие жұмысы бойынша жылдық
аткарылған жұмыстардың есебі.
2. «9 сыныптардың корытынды аттесстаттау бойынша күндерімен,
өткізілу форматымен таныстыру»
5-8,10 сыныптардын қазақ тілі бойынша аралық аттестаттау
емтиханымен таныстыру.
З. Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы» ауруларының қауіптілігі,иммундау жұмыстары.
4.«Балалардын кауіпсіздігін камтамасыз ету шаралары»,
«Жауапкершілік басты назарда»
5.«Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына
қойылатын талаптар» ережесіне сай киім киюді ата-анаға тусіндіру
жұмыстарын жүргізу«Білім беру ұйымдарына және олардын аумақтарына әкелуге тыйым салынған, олардың пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» туралы.
Жиналыс барысында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін, бірлесе жұмыс жасау керектігі туралы айтылды. Ата-аналарға қауіпсіздік ережесі талаптарын балалардың қатаң сақтау керектігі және жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті нұсқаулықтар беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын заңды негізге ала отырып жүргізу бойынша, ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмаса отырып, жан-жақты талқыланды. Мектеп ата-аналарына Абласанова Зульфия Жамбуловна Шу аудандық санитариялық—эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы,Жұмағұл Алтынай Берікқызы Шу аудандық орталық ауруханасының дәрігер гинекологы адам папилломавирусқа қарсы вакцинация жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Конго-Қырым гемморагиялық қызбасына қарсы жүргізілетін иммундау инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетінін айтты
Мектеп формасын нақтылау үшін ата-аналарға ұсыныс тасталып, жалпы ата-аналар ұйымы мүшелерінің талап-тілек,ой пікірлерімен санаса отырып, талқылауға салу арқылы шешуге уағдаласты.
Жазғы демалысты ұйымдастыру, жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігі мен жарақаттанудың алдын алу, судағы қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Жиналыстың қорытынды бөлігінде ата-аналарға балаларына жақсы тәлім-тәрбие беріп,жетістіктерге жетуге барынша қолдау білдіру ұсынылды.
ФОТО