Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Жамбыл инновациялық жоғары колледжі және SDU университеті мамандары 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқу орны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды грант және ақылы бөлімдерге қабылдау 19 маусымнан басталатынын шетелдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Бакуде) білім алуға және жұмыс істеу мүмкіндігі бар екендігі туралы айтылды. Сондай-ақ сабақтар ағылшын тілінде, қосымша орыс,түрік тілдерінде ( IT , есеп- аудит) оқытылатынын айтып өтті.Фото
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінің мамандары 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Тұтқышбаев Бауыржан *Ветеринария* арнайы пәндер оқытушысы,Дәулетов Жандарбек Агрономия өндірістік оқыту шебері,
Баймұратов Тұрарбек жалпы пәндер оқытушысы- оқушыларға оқу орнындағы; агрономия, ветеринария, сүт өнімдерін өндіру, дәнекерлеу, тігін,электр, дәнекерлеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмысқа орналасуға ықпал ету, 204 орындық жатақхана, мемлекеттік шәкіртақы, бір мезгіл ыстық тамақ,заманауи- техникалық база бар екені және 20-шы маусымнан бастап құжат қабылданатынын айтып өтті.Фото
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің мамандары 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жолдыбай Абылай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы және
Әлімғазиева Жанерке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ТИГУ оқу орнымен таныстыра отырып қандай мамандықтар бар екенін және тегін жатақханамен қамтылатын, сұхбат арқылы қабылдайтынын ветеринария, тігін өндірісі, кітапхана ісі, туризм, орман шаруашылығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, аңшылық, қорықшы тб.мамандары бар екенін айтып өтті. Оқушылар сұрақ-жауап арқылы өз ойларын білдірді.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен, Шу 10 колледж мамандары кездесу өткізді. Оқушыларға мамандық бойынша бағдар беруде "Ауылшаруашылығын механикаландыру" мамандығының өндірістік оқыту шебері Б.Байтанаев
"Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Қ.Жасыбаева,Т.Бухаева мамандықтардың практикамен тығыз байланыстылығын және де тапсыратын құжаттар туралы үгіт-насихат жүргізді.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен Арнайы профориентолог маман, Профориентологтар ассоциациясының мүшесі Досанова Анаргүл кездесу өткізді. Кездесуде Алматы қаласының Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университеті туралы оқушыларға бағдар беріп, математика- физика, математика- география таңдауына сай мамандықтар туралы насихат жүргізіп сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жастарға қызмет көрсету және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Дурманова Тұрсынай Мұханбетханқызының ұйымдастыруымен "Ualikhanov University" Қазақстанның солтүстік аймағындағы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетімен "Серпін" жобасын туралы Zoom арқылы кездесу өтті.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары №10 Шу колледжіне "Ашық есік" күніне кездесуге барып қайтты. Кездесу барысында 2024-2025 оқу жылында талапкерлер оқуға «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, тігінші»тағы да басқа мамандықтар бойынша 9,11 сынып негізінде мамандар даярлау бойынша ақпарат берді.Кездесу соңында оқушылар сұрақ- жауап арқылы пікір алмасты.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9,10 сынып оқушыларымен Шу Темір жол колледжінің өкілі кездесу өткізді. Кездесу барысында Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу, техникалық қызмет, автоматика, телемеханика, қозғалысты басқару есептеу техникасы, электромонтер саласы бойынша 9,11 сынып негізінде мамандар даярлайтын техникалық және кәсіптік оқу орнының мамандары толық ақпараттандырып және оқушылар сұрақ- жауап арқылы ойларын ортаға салды.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары"Мен таңдаған мамандық" тақырыбында эссе жазды.
Мақсаты:Оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Динара Биұзаққызының қатысуымен, Алматы гуманитарлық экономикалық университетінің маманы Бірталаев Ерлан Қадырұлы 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмысы барысында Алматы гуманитарлық - экономикалық университеті туралы толық ақпарат беріп, мектеп бітіруші түлектерді оқуға түсуге ұсыныстар берді.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледж өкілі Мұхтаров Мейіржан Айболұлы, 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.Кездесу барысында Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар және логистика саласы бойынша 9,11 сынып негізінде мамандар даярлайтын техникалық және кәсіптік оқу орнының маманы тепловоз, электровоз машинсінің көмекшісі мен жолаушылар вагондарының жолсерігі мамандықтары бар екенін толық ақпараттандыры, оқушылармен сұрақ- жауап арқылы пікір алмасты.