Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛДАРЫН АЗАЙТУ

    04.09.2024
    ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛДАРЫН АЗАЙТУ
    Жұмыс орнында болған кезде, болмаса көшеде бөгде адамдардың күдікті іс-қимылдарына куә болсаңыздар,дереу құқық қорғау органдарына немесе қауіпсіздік қызметкеріне хабарлаңыз.
    Арнайы күштер келгенге дейін бөгде адамдардың қауіпті аймаққа кездейсоқ кіруіне жол бермеңіз және дүрлікпеңіз.
    Дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.
    Оқыс іс-әрекет жасамаңыздар және осыған байланысты үнемі қауіп төндіретінін есте ұстаған жөн,мұндай жағдайда дүрбелеңге берілмей:
    1) ағымдағы жағдайды құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға қажет;
    2) өз бастамасымен террористермен келіссөздерге бармау керек;
    3) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, авариялық-құтқару қызметтерінің, медициналық көліктердің учаскеге кедергісіз өтуін (жүруін) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет;
    4) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Iшкi iстер министрлiгiнiң арнайы мақсаттағы күштерiнiң қызметкерлерi келген кезде оларды қызықтыратын мәлiметтердi алуға жәрдемдесу қажет;
    5) қажет болған жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты болмаса, қылмыскерлердің талаптарын орындауға, қылмыскерлерге қайшы келмеуге, басқалардың және өз өміріне қауіп төндірмеудің амалын жасау керек;
    6) шабуылдаушыларды қару қолдануға итермелейтін және адам шығынына әкеп соқтыратын әрекет жасамау қажет!!!

    Мопед,скутер жүргізудің қауіптілігі

    11.06.2024
    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!!!
    Балаға қуаныш сыйлап,тілек білдіріп сұраған сыйлығын алып берген әрине жақсы, бірақ та, баланың өмір қауіпсіздігін сақтау барлығымыздың басты міндетіміз екендігін естен шығармайық.
    Соңғы уақыттары мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп, адам қазасына ұштасқан жағдайлар тіркелген.
    Жол апаттарының негізгі себептерінің бірі абайсызда жүру, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы (мотошлем), қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жолдың ортасында жүру, жылдамдықты асыру, белгіленген жасқа толмаған және жол қозғалысы ережелерін білмейтін адамдарды басқаруға жіберу, адам мінгестіру және тағы басқа жол ережесі талаптарын сақтамауы болған. Аталған көлік құралдары ауыл көшелерінде тәулік бойы жүріп, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуда.
    Мопедтер, велосипедтер мен скутерлер көліктен немесе мотоциклден ерекшеленеді бірақ, олар үшін жол ережелері бірдей маңызды.
    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ НАЗАРЫНА!
    Балалардың өмір қауіпсіздігі үшін мопед, скутер, электросамокаттарды жүргізуге рұқсат бермеуге шақырамыз!!! Қос дөңгелектің бәрі мопед болып саналмайды. Жол ережесінде оның нақты анықтамасы бар. Мопед-көлемі 50текше см-ден аспайтын мотормен қозғалысқа келетін екі немесе үш дөңгелекті және ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көлік құралы.
    Мопедке қатысты негізгі ережелер ҚР ЖҚЕ-нің 16 және 24-бөлімінде көрсетілген. Мопедті кім жүргізе алады?
    Жол ережесінің 24-бөлімі 1 тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар ғана жүргізе алатыны жазылған. Қай жермен жүруге болмайды. Тротуар мен жол жиегінде мопедпен қозғалуға тыйым салынған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан мопед мініп өтуге болмайды. Бұл ережені бұзғандар 15 ΑΕΚ мөлшерінде айыппұл төлейді. Автомагистральге шығуға да рұқсат жоқ. Ол жөнінде жол ережесінің 16-бөлімінде жазылған.
    Олар үлкен маневрлік пен жылдамдыққа ие, ал соқтығысудан қорғалмаған. Жолда олар ең қорғансыз, қозғалыстың барлық қатысушылары үшін жоғары қауіптің көзі болып табылады.
    Мопед,электро скутер жүргізушілері өз өмірімен қатар, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмау және мүліктеріне зиян келтірмеу үшін жолда жүру ережелері талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.ФОТО

    Жер сілкінісінен қорғану бойынша сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

    03.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде жер сілкінісінен қорғану бойынша сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу барысында мектептің арнайы құрылған құтқару топтары белгіленген нұсқаулық бойынша барлық мектеп қызметкерлері мен оқушыларын арнайы соғылған дабыл бойынша қауіпсіз алаңға шығарып,тізім бойынша тексерілді.Арнайы құтқару топтары ,ғимаратта қалып қалып қалған адамдарды іздестіріп,құтқару бойынша іс-шаралар ұйымдастырды.
    Барлық қатысушыларға жер сілкінісінен қорғану жолдары бойынша ақпарат жеткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық берілді. Алгоритімге сәйкес, ұзын үш реттік сигнал берілген соң, барлық оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды.
    Оқу-жаттығу барысында Жер сілкінісі және Техногендік төтенше жағдайлар тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз орынға жиналған білім алушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, қорғану құралдарын пайдалану жолдары іс жүзінде көрсетіліп, түсіндірілді.ВИДЕО

    «Қауіпсіздікті сақтай біл»тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    09.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің «Мейірім» жазғы лагерь оқушыларына «Қауіпсіздікті сақтай біл»тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Мақсаты:Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру,
    өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша дұрыс нұсқаулықтар беру,жауапкершіліктерін арттыру.Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – көліктер мен жүргіншілердің жүріс-тұрысын дұрыс ұйымдастыру және реттеу. Жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау, су қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздігі,жол қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық беру.
    Жазғы демалыс мезгіліндегі қауіпсіздік - бұл көптеген балалардың ата-аналары үшін алаңдаушылығын тудырады. Басқа жаяу жүргіншілер, жүгірушілер жолдары үшін жаяу маршрутыңызды таңдау қажет. Біреуді күдікті деп тапсаңыздар, олардан аулақ болу үшін бағытты өзгертуге немесе дүкенге немесе қоғамдық ғимаратқа баруға дайын болу керек.
    Қауіпсіз жол жүрісіне қол жеткізу және жарақаттар мен апаттардан аулақ болу үшін жолда ережелерін сақтау қажет.
    Топ басшылары оқушыларға демалыс кезінде ауылда немесе қалаға қыдырып барған кезінде көшеде жол ережесін сақтау, өрт, су, ток көздерінен абай болу керектігін ескертті.
    Сонымен бірге көптеген балалар оттықпен ойнағанды ұнатады, оның адам өміріне қауіпті екенін естен шығарып алатынын және ата - анадан жасырынып от жағып ойнап арты өртке айналатынын айтып ескертті. Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ата -анасыз өзен, көлдерге бармау және үйдегі ток көздеріне жақындамау, кез келген жағдайда бөтен адамдармен байланыспау жөнінде ескертілді.ФОТО

    ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

    10.06.2024
    ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
    📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
    Жаз мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде.
    Балаларыңыздың су жағасына ата-анасыз баруына,шомылуларына қатаң түрде шектеу қойыңыздар! Өмірлеріне өте қауіпті екендігін ұмытпаңыздар.
    Жазғы демалыс уақытында балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз.
    Балаларға су айдынында, өзен,көлдер мен каналда шомылудың ережесі, қауіптілігі жөнінде жиі айту керек.
    Балаларыңыздың күнделікті өмір қауіпсіздігін сақталуын бақылауда ұстаңыздар!
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің әкімшілігі.ФОТО

    «Суда сақ бол бала» атты суға шомылуға қауіпті аймақтарға арнайы ескерту тақтайшалары орнатылып,жасөспірімдерге қауіпсіздік ережесі бойынша жадынама тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    15.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде жазғы суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Суда сақ бол бала» атты суға шомылуға қауіпті аймақтарға арнайы ескерту тақтайшалары орнатылып,жасөспірімдерге қауіпсіздік ережесі бойынша жадынама тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Судағы төтенше оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:
    Суға шомылуға жалғыз ,ересек адамсыз бару өмірге өте қауіпті.
    Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су айдындарының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
    Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
    Егер балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатырса тоқтату қажет, ересек адаммен бірге жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.
    СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ , ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
    ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ АЙДЫНЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.
    Өмірге қауіпті жағдай орын алса «101» және «112» телефондары арқылы құтқарушыларды жедел шақыруға болатындығын ескертеміз.ФОТО

    ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

    30.05.2024
    ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
    📣 Құрметті ата-аналар мен білім алушылардың назарына!
    🌸 Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі барлығымыз үшін маңызды. Осы ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға қауіпсіздік шараларының бірнеше ережесін ұсынады.
    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
    Жаз мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде.
    Балаларыңыздың су жағасына ата-анасыз баруына,шомылуларына қатаң түрде шектеу қойыңыздар! Өмірлеріне өте қауіпті екендігін ұмытпаңыздар.
    Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз.
    Балаларға су айдынында, өзен,көлдер мен каналда шомылудың ережесі, қауіптілігі жөнінде жиі айту керек.
    Есіңізге сақтаңыз! Балаңыз сізден үлгі алады! Сол үшін әрбір іс-әрекетіңізге мұқият болғаныңыз абзал! Жазғы демалыста балаларыңызбен бірге уақыттарыңызды қызықты өткізуге тілектеспіз!
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің әкімшілігі.ФОТО

    Жер сілкінісінен қорғану бойынша сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

    03.06.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде жер сілкінісінен қорғану бойынша сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу барысында мектептің арнайы құрылған құтқару топтары белгіленген нұсқаулық бойынша барлық мектеп қызметкерлері мен оқушыларын арнайы соғылған дабыл бойынша қауіпсіз алаңға шығарып,тізім бойынша тексерілді.Арнайы құтқару топтары ,ғимаратта қалып қалып қалған адамдарды іздестіріп,құтқару бойынша іс-шаралар ұйымдастырды.
    Барлық қатысушыларға жер сілкінісінен қорғану жолдары бойынша ақпарат жеткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық берілді. Алгоритімге сәйкес, ұзын үш реттік сигнал берілген соң, барлық оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды.
    Оқу-жаттығу барысында Жер сілкінісі және Техногендік төтенше жағдайлар тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз орынға жиналған білім алушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, қорғану құралдарын пайдалану жолдары іс жүзінде көрсетіліп, түсіндірілді.ВИДЕО

    Шу аудандық санитариялық—эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Абласанова Зульфия Жамбуловна және Шу аудандық орталық ауруханасының дәрігер гинекологы Жұмағұл Алтынай Берікқызы мектеп ата-аналарына адам папилломавирусқа қарсы вакцинация жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    20.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Шу аудандық санитариялық—эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Абласанова Зульфия Жамбуловна және Шу аудандық орталық ауруханасының дәрігер гинекологы Жұмағұл Алтынай Берікқызы
    мектеп ата-аналарына адам папилломавирусқа қарсы вакцинация жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында жатыр мойны обырының дамуы АПВ инфекциясына байланысты екені ғылыми түрде дәлелденген. АПВ жұқтыру мен жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі – вакциналау.АПВ-ге қарсы вакциналауды енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталғандығы туралы айтып, ДДСҰ 9-14 жас аралығындағы қыздарды вакциналауды ұсынып отырғандығын түсіндіріп өтті. Осыған байланысты, Қазақстанда биылғы жылдың үшінші тоқсанында 11 жастағы қыздарға екпе салу жоспарлануда.Вакцина білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде тегін қолжетімді болатындығын, сондай-ақ, ата-ана өтінішімен вакцинаны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болатындығы туралы айтылды.Фото

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст