Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясанда «Демалыста кітап оқимыз», «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты оқушылар арасында буккроссинг кітап оқу челленджі өткізілді.

    17.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде
    17 мамыр «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясанда «Демалыста кітап оқимыз», «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты оқушылар арасында буккроссинг кітап оқу челленджі өткізілді.
    Мақсаты:«Буккроссингтің» басты мақсаты ол кітаптарға екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында «кітап алмастыру», әр түрлі жастағы оқырмандары кітап оқуға шақыру.видео

    Гайдбук электрондық оқулығын 1-4 сыныптар бойынша мұғалімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    24.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Гайдбук электрондық оқулығын 1-4 сыныптар бойынша мұғалімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,әр білім алушыларға мәлімет беріліп, жеке -жеке шығарылып берілді.
    Электрондық оқулық пен оқытудың пайдалы жақтары оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамытуда септігін тигізеді.
    Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жəне оның мына қасиеттерді қанағаттандырады: жинақтылық, жүйелік, көркемділігі, жылдамдылығы.
    Бұл электрондық оқулықтың тиімді жері, оқушының өздігінен оқып- үйренуіне жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.видео

    Кітаптар емханасы

    26.04.2024
    https://www.facebook.com/100031529021660/videos/956545952929803/

    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте 2023-2024 оқу жылы аяқталуына байланысты. 22.05-24.05.2024 жылы кестеге сәйкес кітап жинау науқаны жүргізілді.
    "Кітаптар емханасы" тақырыбында оқулықтарды қалпына келтіру үшін еріктілерді жұмылдырып, оқулық мұқабаларының ,беттерінің жарамсыз болып қалғандарын ауыстырып,қалпына келтіріліп, оқулықтың бүгілген, жыртылған беттерін жөндеп, сапасын тексеру ұйымдастырылды.

    23 cәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – сарқырамас қазына» атты тақырыппен оқушылар арасында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    25.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде , 23 cәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – сарқырамас қазына» атты тақырыппен оқушылар арасында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Іс шараның мақсаты:Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, жастар бойына кітапқа деген деген қызығушылық арттыру, кітап оқуға шақыру.
    «Кітап дегеніміз- алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов.Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

    «Жошы билігінің 800 жылдығына орай "Жошы ұлысы 10 дерек" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен танымдық сағаты өткізілді.

    20.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде , «Жошы билігінің 800 жылдығына орай "Жошы ұлысы 10 дерек" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның барлық дерлік аумағын қамтыған Жошы ұлысының тарихын баяндау, мемлекетіміздің «Алтын ғасыры» туралы түсінік беру.Оқушыларды ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

    Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” атты шығармасы бойынша 8 сынып оқушылары арасында талдау конференциясы өткізілді.

    21.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” атты шығармасы бойынша 8 сынып оқушылары арасында талдау конференциясы өткізілді.
    Мақсаты: білім алушыларды кітап оқуға қызықтыра отырып, сол шығарманың желісіндегі қоғамдық маңызды оқиғаларға өз көзқарастарын білдіруге үйрету. Және де, сол кезеңдегі әрекеттерді қазіргі заманмен байланыстыра отырып өз пікірлерін ортаға салу.9 адам және адамдар оқып отыр кескіні болуы мүмкін7 адам, адамдар оқып отыр, аурухана және мәтін кескіні болуы мүмкін

    «Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқауы өтті.

    15.04.2024
    «Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқауы өтті.
    Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқауының «Оқитын мектеп-табысты мектеп» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары ІІІ-орын иеленіп,«Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясы бойынша Ертайқызы Еркеназ ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст