Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде «Оқұға құштар мектеп» жобасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Кітапхана» көсбасшысы атты оқырман сайысы өткізілді.Мақсаты:оқушылардың ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар кітапқа деген қызығушығын арттыру, білім деңгейін көтеру.видео
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің «Жастар» командасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өткізілген «ОйлаIQ» атты аймақтық интеллекетуалды-зияткерлік ойынының іріктеу кезеңінде женімпаз атанды.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің «Ақиқат» фракциясы аудандық«Дебат - достық мекені»атты пікірсайыс турниріне қатысып ІІІ-орын иеленіп,жетекшісі Дәулетәлі Ермахан Алғыс Хатпен марапатталды.
Пікірсайыс турнирі барысында оқушылардың сахна және сөйлеу мәдениетін дамыту, шешендік өнерге баулу көзделді. Пікірсайысқа қатыса отырып мәселенің өзектілігі мен оның шешу жолдарын тиімді етіп қарастыруды үйренді. Қатысушылардың ойында ғана қарсылас,өмірде көздеген мақсаттарының бір екендігін түсіндіре отырып, нақты және нық қадам жасауға үйретті.