Меню KDT

logo.png?_=1712212730

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    введ

    2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталды.


    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
    2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталды.
    Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
    Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда:
    1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
    2) қағаз түрінде
    Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
    Қажетті құжаттар тізімі:
    ата-ананың өтініші;
    баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
    «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
    Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
    микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
    сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
    білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).
    Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Бала үшін маңызды сәтте қолдау жасап, ата-ана мен ұстаздар қауымын өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырамыз. Білім аламын деген әр бала назардан тыс қалмасын, олардың конституциялық құқығы қорғалсын. Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.
    Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады.
    Мектептің мекен жайы: Төле би ауылы. Егемберді көшесі 21
    тел: 8(72638)3-13-34
    01.04.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст