Меню KDT

logo.png?_=1712212730

КГУ "Средняя школа имени Мухтара Ауезова отдела образования Шуского района управления образования акимата Жамбылской области"
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    "Мен оқыған бір кітап" іс-шарасы

    01.04.2025 ж.
    Көктемгі каникулда кітап оқимыз
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастырумен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында және "Балалар кітапханасы"бағдарламасын іске асыру мақсатында "Мен оқыған бір кітап" іс-шарасына сәйкес оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып кітап оқумен өткізді. Осы орайда 2-сынып оқушысы Асқар Мерей қазақ халқының ертегісін оқып достарымен бөлісті, сонымен қатар 8-сынып оқушысы Бекен Нұрай Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе"романыннан үзінді айтып достарын кітап оқуға шақырды

    "Кітап -даналардың данасы" атты кітапқа әлеміне саяхат

    02.04.2025 ж.
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп кітапханасында "Балалар кітапханасы" бағдарламасы негізінде және 2-сәуір-халықаралық балалар кітабы күніне орай 2-сынып оқушылар арасында "Кітап -даналардың данасы" атты кітапқа әлеміне саяхат ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты балаларды кітап оқуға баулу, жаңа кітаптармен таныстыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында кітапханаға жаңадан келіп түскен қызықты туындылар таныстырылып, балаларға олардың мазмұны туралы қысқаша ақпарат берілді.

    "Кел, досым, кітап оқиық" кітап оқу сағаты, "Мен оқыған бір кітап"

    18.03.2025 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің кітапханасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және #nauryznama2025 онкүндігі шеңберінде оқушыларға кітап көп оқитын орта қалыптастуру мақсатында "Кел, досым, кітап оқиық" кітап оқу сағаты, "Мен оқыған бір кітап" оқу марафоны өтті. Іс-шара барысында оқушылар оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнымен таныстырып, достарын кітап оқуға шақырды.
    Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар көзі — кітап. Өз кітапханаңды құра біл, кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы жас оқырман!

    "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" тақырыбында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен әдеби кеш

    29.01.2025 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" тақырыбында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен әдеби кеш өтті.
    Әдеби кеш оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатын көздеді. 7 сынып оқушылары "Менің атым Қожа" повестінің желісі бойынша көріністер көрсетіп, өлеңдер оқып, жазушының шығармашылығы туралы ой қозғаған әдеби кештің берер тәлімі мол болды.

    "Шын жүректен кітап сыйла!" атты тақырыппен ұйымдастырған акция

    12.02.2025 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің кітапханашылары А.Жүнісова мен Қ.Дүйсенова 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Шын жүректен кітап сыйла!" атты тақырыппен ұйымдастырған акцияға оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Мектеп кітапханасы қорына шын көңілмен әкеп тапсырылған әр кітапқа оқушылар мен ұстаздар тәтті дәмнен ауыз тиді.

    Оқуға құштар жобасы аясында өткен "Әжемнің ертегілері"онлайн жобасы

    25.01.2025 ж.
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі
    Оқуға құштар жобасы аясында өткен "Әжемнің ертегілері"онлайн жобасы.
    1"а" сынып оқушысы Қаржаубай Санжар.

    "Ертегі әлемі" атты көрме

    09.02.2025 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханашылары бастауыш сынып оқушыларына ертегі әлемінің ғажайыптарына жетелеу мақсатында "Ертегі әлемі" атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге келген 2 сынып оқушылары Айгул әженің ертегілеріне сусындады. Оқушылардың ертегі туралы түсініктерін кеңейту, ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ертегі арқылы мейірімділікке, жақсылыққа баулу мақсатында ұймдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.

    "Тәуелсіздігімізге 33 жыл. Егемендік жолындағы тарихи қадамдар" атты тақырыптық көрме

    14.12.2024 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларына "Тәуелсіздігімізге 33 жыл. Егемендік жолындағы тарихи қадамдар" атты тақырыптық көрме таныстырылды.
    Тәуелсіздік – әрбір ұлттың асыл арманы, халықтың рухани және саяси жеңісі. Қазақстан халқы үшін тәуелсіздікке жету жолы ұзақ әрі күрделі болды. Осы тарихи маңызды кезеңді еске алу мақсатында мектеп кітапханасында “Егемендік жолындағы тарихи қадамдар” атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды оқиғалар мен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге арналды.
    Іс-шараның басты мақсаты :– Қазақстанның егемендікке жету жолындағы тарихи қадамдарын еске алу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, және тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген жетістіктерді насихаттау.

    Желтоқсан жаңғырығы

    10.12.2024 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі. Анықтама Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы. Қазақ халқының жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.Осыдан 33 жыл бұрын ,Алматының бел алаңында болған, желтоқсан оқиғасы.Көтеріліске, қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, ,Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова және т.б апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған армандаған тәуелсіздіктерімізге қол жеткіздік. Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағнасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіру, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және ерлікке баулу. .Желтоқсанда ел қамын жеген ерлерді үлгі өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

    "Оқуға құштар жобасы аясында" Кітап оқуға қалай ынталандырамыз?

    06.12.2024 ж.
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі "Оқуға құштар жобасы аясында" Кітап оқуға қалай ынталандырамыз? Білім асыл қазынамыз. Адам қаншалықты білімді болса соншалықты бай қуаты болады. Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына демекші,біздін оқырмандар бала жасынан ата-әжесінің ертегілер еліне саяхат жасап,батырлар жырын тыңдап өскен,Кітап оқу-ойлау қабілетің дамытады,есте сақтау қабілетін жақсартады, Балалар бос уақытын босқа өткізбей кітапханаға келген жаңадан кітаптармен танысты.Мысалға: Тұмар,Балалық шақа саяхат,Біз үшеу едік деген сияқты көптеген кітаптарды оқып талдады

    "Оқуға құштар жобасы аясында" Ертегілер еліне талдау

    28.11.2024 ж.
    Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп "Оқуға құштар жобасы аясында"Ертегілер еліне талдау 2 -сыныптар арасында өтті.
    Талдаудың тақырыбы: Ертегілер елінде.
    Талдаудың мақсаты:
    1. Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру.
    2. Оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру.
    3. Төзімділікке, адамгершілікке, бірлесе жұмыс істеуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Ертегілерді оқуға деген қызығушылығын ояту.
    Талдаудың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, ертегі кітаптар.
    Қазақ ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі - ертегілер болып табылады.
    Ертегіден халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, бақыты туралы ойларын көруге болады.
    Тұрмыс-салт ертегілерін естігенде өмірдің неше түрлі қырлары мен сырларын түсінуге, әр дүниені танып білуге көмектессе, қиял-ғажайып ертегілерін оқығанда елді қорғаған қаһармандардың іс- әрекетіне қызығып, олардың жақсы істерін үйреніп, жаман істерінен жиренуге көмектеседі. Ал хайуанаттар туралы ертегілерден табиғаи пен жан- жануарлар дүниесін тереңірек тануға, олардың іс-әрекеттерін мәнін түсінуге көмектеседі. Сондықтан көбірек оқып, атадан қалған мұраны яғни халық шығармасын келесі ұрпаққа жеткізуге біз міндетті екенімізді ұмытпайық .
    Ата-мұра бізге аманат!

    "Теңге-мемлекеттік келбет" тақырыбында кітап көрмесі

    15.11.2024 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп кітапханасында 15 қараша Ұлттық теңге күніне орай ,,Теңге-мемлекеттік келбет,,тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты:Жас ұрпақты еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын,оның маңызын түсіндіру

    "Менің елім-Қазақстан" атты көрме

    25.10.2024 ж.
    Шу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 25-қазан Республика күніне орай "Менің елім-Қазақстан" атты көрме ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: Оқушылардың өз отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

    “Рухани тәрбие-адамгершілік бастауы" тақырыбында іс - шара

    03.10.2024 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде"Жастар ресурстық орталығы"КММ-нің ұйымдастырумен “Рухани тәрбие-адамгершілік бастауы" тақырыбында іс - шара өткізілді.
    Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Жунусова Ақмарал Рахметуллақызы қәзіргі заманғы жастарға, өскелең ұрпаққа елжандылық қасиетін дамытудың тәрбиелік мәнін түсіндірді.

    «Менің Отаным-Қазақстан!» атты кітап көрмесі

    02.09.2024 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің кітапханасының ұйымдастырумен 1 қыркүйек - Білім күніне орай 7 сынып оқушыларын «Менің Отаным-Қазақстан!» атты кітап көрмесі қойылды.
    Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге баулу.

    «Тіл сарқылмас құндылық» атты тақырыбында кітап көрмесі

    06.09.2024 ж.
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тіл сарқылмас құндылық » атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырмандардың ана тіліне сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін, тілінің мәртебесің көтеру. Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, -деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болу керек. Себебі, қазақ тілі -қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

    «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясанда «Демалыста кітап оқимыз», «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты оқушылар арасында буккроссинг кітап оқу челленджі өткізілді.

    17.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде
    17 мамыр «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясанда «Демалыста кітап оқимыз», «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты оқушылар арасында буккроссинг кітап оқу челленджі өткізілді.
    Мақсаты:«Буккроссингтің» басты мақсаты ол кітаптарға екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында «кітап алмастыру», әр түрлі жастағы оқырмандары кітап оқуға шақыру.видео

    Гайдбук электрондық оқулығын 1-4 сыныптар бойынша мұғалімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    24.05.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Гайдбук электрондық оқулығын 1-4 сыныптар бойынша мұғалімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,әр білім алушыларға мәлімет беріліп, жеке -жеке шығарылып берілді.
    Электрондық оқулық пен оқытудың пайдалы жақтары оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамытуда септігін тигізеді.
    Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жəне оның мына қасиеттерді қанағаттандырады: жинақтылық, жүйелік, көркемділігі, жылдамдылығы.
    Бұл электрондық оқулықтың тиімді жері, оқушының өздігінен оқып- үйренуіне жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.видео

    Кітаптар емханасы

    26.04.2024
    https://www.facebook.com/100031529021660/videos/956545952929803/

    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте 2023-2024 оқу жылы аяқталуына байланысты. 22.05-24.05.2024 жылы кестеге сәйкес кітап жинау науқаны жүргізілді.
    "Кітаптар емханасы" тақырыбында оқулықтарды қалпына келтіру үшін еріктілерді жұмылдырып, оқулық мұқабаларының ,беттерінің жарамсыз болып қалғандарын ауыстырып,қалпына келтіріліп, оқулықтың бүгілген, жыртылған беттерін жөндеп, сапасын тексеру ұйымдастырылды.

    23 cәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – сарқырамас қазына» атты тақырыппен оқушылар арасында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    25.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде , 23 cәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – сарқырамас қазына» атты тақырыппен оқушылар арасында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Іс шараның мақсаты:Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, жастар бойына кітапқа деген деген қызығушылық арттыру, кітап оқуға шақыру.
    «Кітап дегеніміз- алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов.Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

    «Жошы билігінің 800 жылдығына орай "Жошы ұлысы 10 дерек" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен танымдық сағаты өткізілді.

    20.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде , «Жошы билігінің 800 жылдығына орай "Жошы ұлысы 10 дерек" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның барлық дерлік аумағын қамтыған Жошы ұлысының тарихын баяндау, мемлекетіміздің «Алтын ғасыры» туралы түсінік беру.Оқушыларды ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

    Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” атты шығармасы бойынша 8 сынып оқушылары арасында талдау конференциясы өткізілді.

    21.04.2024
    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” атты шығармасы бойынша 8 сынып оқушылары арасында талдау конференциясы өткізілді.
    Мақсаты: білім алушыларды кітап оқуға қызықтыра отырып, сол шығарманың желісіндегі қоғамдық маңызды оқиғаларға өз көзқарастарын білдіруге үйрету. Және де, сол кезеңдегі әрекеттерді қазіргі заманмен байланыстыра отырып өз пікірлерін ортаға салу.9 адам және адамдар оқып отыр кескіні болуы мүмкін7 адам, адамдар оқып отыр, аурухана және мәтін кескіні болуы мүмкін

    «Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқауы өтті.

    15.04.2024
    «Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқауы өтті.
    Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқауының «Оқитын мектеп-табысты мектеп» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары ІІІ-орын иеленіп,«Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясы бойынша Ертайқызы Еркеназ ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Жедел сілтемелер