







Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары №10 Шу колледжіне "Ашық есік" күніне кездесуге барып қайтты. Кездесу барысында 2024-2025 оқу жылында талапкерлер оқуға «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, тігінші»тағы да басқа мамандықтар бойынша 9,11 сынып негізінде мамандар даярлау бойынша ақпарат берді.Кездесу соңында оқушылар сұрақ- жауап арқылы пікір алмасты.












