Меню KDT

logo.png?_=1712212730

КГУ "Средняя школа имени Мухтара Ауезова отдела образования Шуского района управления образования акимата Жамбылской области"
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптарында"Отбасы – тәрбие бастауы"тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
    Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
    Тәрбие сағаты барысында отбасындағы ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың бір-біріне деген мейірімділігі, сүйіспеншілгі туралы айтылды.
    Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
    09.04.2024

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Тіл-қазынавведите текст