Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 7"б" сынып жетекшісі Толқын Ахметжанова мен 9«б» сынып жетекшісі Ардақ Бекбаева «Зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсулеріне тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында жасөспірімдердің зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінен қалай қорғанып,қажетті көмек алуға болатындығы туралы айтылып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, еңбек және жыныстық қанаушылыққа, отбасылық қарым-қатынастарда қиындық туындаса; досымен келіспей не болмаса ажырасып қалғанда; мектептегі проблемалар, қорқыныш сезімде, жалғыздықты сезініп, қиын жағдайға тап болған жағдайда сенім телефоны арқылы, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына немесе мектеп психологтарына хабарласып, жедел психологиялық және құқықтық жәрдем алуға болатындығы туралы айтылды.
11.04.2024